Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет59/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

POLYGONUM HYDROPIPER
 НЕГІЗІНДЕГІ
СУБСТАНЦИЯНЫ АЛУ ӘДІСІ 
 
Исраилова А.Н.
 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Нурлыбекова А.К. 
Ғылыми консультант: профессор, PhD Жеңіс Ж. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
israilova.adina@bk.ru
 
 
Ежелден халық арасында бұрыш тараны өсімдігі емдік мақсатта және тағамға 
дәмдеуіш ретінде қолданылып келе жатыр. Бұрыш таранын(
Polygonum hydropiper
) дәрілік 
өсімдік ретінде ежелгі гректер мен римдіктер - тұтқыр, безгекке қарсы, гемостатикалық 
агент ретінде қолданған. Қазіргі медицинада инфузия және сұйық сығынды түрінде 
қолданылады. Қазақстанда бұл өсімдік толық зерттелмегендіктен, оның химиялық құрамы, 
сандық және сапалық талдауларын зерттеу, препараттар алу өзекті болып табылады. 
Біз бұл жұмыста солтүстік жарты шардың қоңыржай және тропикалық климатында 
кездесетін бұрыш тараны(
Polygonum hydropiper
) өсімдігінің шынайылығын анықтау, сандық-
сапалық анализдеріне тоқталатын боламыз. 
Бұрыш тараны
(
Polygonum hydropiper

- батпақты 
шалғындарда, өзендердің, тоғандардың, батпақтардың, көлдердің жағасында өседі. Ол 
Еуропадан батыстан қиыр шығысқа дейін және солтүстігінде Скандинавиядан Индонезия 
мен Филиппинге дейін оңтүстігінде кездеседі.
Бұл жұмыста бұрыш тараны(
Polygonum hydropiper
) дәрілік өсімдігінің фитохимиялық 
құрамдас бөліктеріне сандық және сапалық талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде өсімдіктің 
сапалылығының көрсеткіштері: ылғалдылығы – 12,6%, күлділігі – 2,2%, экстрактивті заттар 
– 26,27% (90% сулы спирт ерітіндісінде), экстрактивті заттар – 30,86 (70% сулы спирт 
ерітіндісінде), экстрактивті заттар – 28,6% (50% сулы спирт ерітіндісінде) екендігі 
анықталды. Өсімдік күлінің құрамынан минералды заттар атомды-абсорбционды 
спектрометр көмегімен 11 макро-микроэлемент анықталды. Олардың негізгі құрамы: К 
(116,250мкг/мл), Са (69,3775мкг/мл), Mg (106,5225мкг/мл), Na(50,510 мкг/мл). 
Шикізат құрамынан биологиялық белсенді заттарды бөлудің оңтайлы химиялық-
технологиялық схемасы қарастырылуда. Көптеген зерттеулер жүргізу арқылы, болашақта 
бұрыш тараны(
Polygonum hydropiper
) өсімдігінен аурулардың алдын-алу және емдеу үшін 
қолданылатын тиімді дәрілік формалар алуға болады. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
64 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет