«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
59
ҚЫРҒЫЗДЫҚ ЖАНТАҚ ЖӘНЕ АЩЫ ЖАЛБЫЗ
ӨСІМДІКТЕРІНЕН ШЫРЫН АЛУ ЖОЛЫН ҰСЫНУ БОЙЫНША
ФИТОХИМИЯЛЫҚ САРАПТАУ
Жылкышиева А.Д.
Ғылыми жетекші: х.ғ.д., профессор Бурашева Г.Ш.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
azhar.zhylkyshieva.01@bk.ru
Қырғыздық
жантақ
–
бұтақталып өсетін қалың тікенекті, түсі жағынан жасыл болып
табылатын
бұршақ
тұқымдасына жататын
көп жылдық
өсімдік
.
Ащы жалбыз
–
бұл өсімдіктен алынған препараттары тыныштандыратын,
аналгетикалық
әсерге ие, негізгі белсенді ингредиенті - өсімдіктің эфир майында кездесетін
ментол.
Зерттеу
нысаны
:
Алматы облысы, Шелек ауданынан 2022 жылы гүлдеген
кезде
жиналған
(
А
lhagi
К
irgisorum Schrenk)
жантақтың қырғыздық түрінің жер үсті бөлігі және
Түркістан облысы, Түлкібас ауданының Тұрар Рысқұлов ауылынан жиналған
(
Folia Menthae
Piperitae)
ащы жалбыз
өсімдігі.
Екі өсімдік шикізатынан дайындалған кешенді талдау
ҚР МФ-ның I басылымында
ұсынылған әдістемелер негізінде жүргізілді. Шикізат кешенінің шынайылығы анықталды:
өсімдік шикізатының ылғалдылығы, күлділігі және экстрактивті заттары: ылғалдылық -
6,65% , күлділік – 8,14% , экстрактивті заттар – 34% - ды құрады.
Өсімдік
кешенінен алынған
органикалық қышқылдар саны 3,16% - ды құрады.
Өсімдік шикізатының құрамындағы органикалық қосылыстармен қатар минералды
заттар да көбірек кездеседі.
Қырғыздық жантақ пен ащы жалбыз өсімдіктерінің шикізатынан құралған кешен
құрамынан анықталған минералды заттардың мөлшеріне тоқталсақ: темір – 36,63 мкг/мл,
мыс – 2,27 мкг/мл, марганец – 11,17 мкг/мл, цинк – 3,65 мкг/мл, никель – 0,86 мкг/мл,
қорғасын – 0,38 мкг/мл, кадмий – 0,04 мкг/мл, кальций – 571,89 мкг/мл, магний – 873,44
мкг/мл, калий – 2372,52 мкг/мл, натрий – 740,06 мкг/мл.
Екі өсімдіктің
тиімді қатынастары зерттеліп, нәтижесінде 3:2 қатынаста ББЗ-дың
мөлшері көп екені анықталды. Кешенің эктракция уақыты 72 сағат, 2 рет, 20-25 °C
жүргізілді. Нәтижесінде 1600 мл экстракт жиналды. Жиналған экстракт роторлы
буландырғышта 40-45°C 6
сағат ішінде қоюланып, 200 мл 30%-ды концентрат түзілді.
Алынған өнім бөлме температурасында кептіріліп, 20 г құрғақ экстракт алынды,
қазіргі
таңда осы құрғақ экстрактіден шырын алу жолы қарастырылуда.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
60
Достарыңызбен бөлісу: