2(е)-МЕТИЛДЕКАГИДРОХИНОЛИН-4-ОННЫҢ ЖАҢА БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІ ТУЫНДЫСЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІЛІГІН ЗЕРТТЕУ Жәнібек Ә.Р. Ғылыми жетекші: х.ғ.к., аға оқытушы Берганаева Г.Е. әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті alibekzhanibek4@gmail.com Декагидрохинолин туындылары әртүрлі биологиялық белсенділікті көрсететіні белгілі
[1]. Авторлар [2] транс-декагидрохинолин-4-ол негізінде бірқатар N-алмастырылған бензой
эфирлерін синтездеді және гетероцикл азот атомындағы көмірсутек радикалының
ұзындығына байланысты анестетикалық белсенділіктің өзгеру заңдылығын анықтады. Егер
гетероцикл құрамындағы азот атомына бекітілген күрделі эфирді гидразинмен
модификацияласа қосылыстың антибактериалды, спазмолитикалық және анальгетикалық
белсенділік көрсетуі анықталған [3].
Зерттеу жұмысында 2(е)-метилдекагидрохинолин-4-онның акрил қышқылының метил
эфирімен
абсолютты
спиртте
конденсациялау
арқылы
N-карбметоксиэтил-2(е)-
метилдекагидрохинолин-4-он синтезделінді:
Бастапқы өнімдер 1:1 қатынасында алынды. Реакция барысы жұқа қабатты
хроматография көмегімен қадағаланды.
Түзілген
N-карбметоксиэтил-2(е)-метилдекагидрохинолин-4-он
құрылысы
ИҚ
спектроскопия арқылы дәлелденді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Соколов Д.В., Литвиненко Г.С., Хлуднева К.И. ЖОХ, 1960, 30, в.3, с.831.
2. Хлуднева К.И., Литвиненко Г.С., Соколов Д.В. Химия природных соединений и
биологически активных веществ в Казахстане, 1967, 19, с.3.
3. Берилло Д.А. Синтез, строение и свойства гидразидов β-аминопропановой кислоты и
ипроизводных, 2010, с.6.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
56