БАРҚЫТГҮЛ ӨСІМДІГІНЕН МАЙЛЫ ЭКСТРАЦИЯ АЛУ
Жаңабаева Қ.
Ғылыми жетекші: PhD., доцент м.а. Кипчакбаева А.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
qundiz.08@icloud.com
Барқытгүл бұл қашқаргүлдер яғни астралылар тұқымдасына жататын көпжылдық
өсімдік. Жалпы Орталық Американың тропикалық аймақтарында көбірек таралған, және
Солтүстік Американың Мексикада табиғи жағдайда өседі. Ал Қазақстанда бау-бақшада,
саябақтарда, шаруашылықта яғни қолдан өсіріледі.
Жұмыстың
мақсаты
:
Барқытгүл өсімдігінің майлы экстрациясын алу.
Яғни, ең әуелі фитохимиялық сараптамалар жасап, сосын майлы экстрация алу болып
табылады.
Зерттеу
нысаны
:
Алматы облысы, Талғар ауданында қыркүйекте гүлдеген кезіндегі
жиналған барқытгүлі.
Өсімдік шикізаттарының сапасын анықтау кезінде тәжірибелер жүргіздім. Яғни,
шикізаттың
ылғалдылығын,
күлділігін
және
экстративті
заттарын
анықтап
алдым. Барқытгүлінің ылғалдылығы- 6,62%, күлділігі-, экстративті заттар 30% этанолда -
19,4, 50% этанолда 12, 70% этанолда 53,3.
Зерттеу
нәтижелері
:
Барқытгүлінің күлдігі жоғары, ал ылғалдығы төмен екенін
көрсетеді. Экстрактивті заттарды сараптау ушін 70% этил спиртін пайдаланған кезде,спиртке
өткен биологиялық белсенді заттардың мөлшері артты. Бұл Барқытгүлінің құрамындағы
биологиялық белсенді заттарды бөліп алу үшін 70%-ды этил спирті тиімді екенін көрсетті.
Сол себепті сапалық және сандық сараптаулар 70%-ды сулы-спиртті ерітіндісімен жүргізілді.
Зерттеу нәтижесінде 70%-ды суды-этанол сығындығысының (шикізат:экстрагент -1:8
экстракция уакыты - 3 кун (72 сағат), бөлме температурасында құрамында ББЗ-дың мөлшері
жоғары болатыны белгілі болды. Өсімдік шикізатының құрамында органикалық
қосылыстармен
қатар
минералды
заттарда
көптеп
кездеседі.
Өсімдіктерде
микроэлементтердің жиналуы топырақтың түріне, оның орналасуына, климаттық
жағдайларына, өсімдік түріне, сортына жане вететациясына сатысына, суару коздеріне және
т.б. факторларға байланысты болады.
Барқытгүлінің құрамында тіршілік үшін маңызды 11 элемент бар екені анықталды:
мырыш, мыс, кадмий, темір, никель, марганец, калий, кальций, магний, натрий. Бұл
элементтер ферменттердің белсендігін арттырады, ақуыздармен көмірсулардың синтезіне
септігін тигізетін ең маңызды элементтері болып табылады. Яғни, бұл микроэлементтер
өсімдік препараттарының құрамына кіріп, белсендігін арттырады.
Зерттеу жұмыстары әлі жүргізілуде.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
55
Достарыңызбен бөлісу: |