Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет47/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

CERASUS TIANSCHANICA
 ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНАН СУБСТАНЦИЯ АЛУ ЖОЛЫН 
ЖАСАУ 
 
Жабаева Н.Е. 
Ғылыми жетекші: PhD, доцент Сейтимова Г.А. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
 
Соңғы бірнеше жылда шиенің полифенолдық құрамы көптеген зерттеулердің нысаны 
болды және оны косметикалық, диеталық қоспаларды дайындауда, сондай-ақ тағамдық және 
фармацевтикалық өнімдерде қолдану кең етек алды. Көптеген зерттеулер шиені күнделікті 
тұтыну адам денсаулығына пайдалы әсер ететінін дәлелдеді. Олардың күшті тотығу үрдісіне 
қарсы қасиеттері бұрыннан белгілі полифенолдық қосылыстарына байланысты. Оларды 
тамақ және фармацевтика өнеркәсібінде қолдану арзан және қауіпсіз, сонымен қатар 
уыттылығы төмен және биоүйлесімділігі жоғары. Олар тотығу белсенділігінің деңгейін 
төмендетіп кейбір ферменттердің әсерін модуляциялай алады. Осыған байланысты 
Cerasus 
tianschanica
(тянь-шань шиесі) өсімдік шикізатынан субстанция алу жолдарын жасау өзекті 
мәселелердің бірі. 
Cerasus tianschanica
(тянь-шань шиесі) – Rosacaea (раушангүлділер) тұқымдасына 
жататын, бұтасының биіктігі 1-1,5 м болатын микро шие түрі. Қазақстанда, 
Cerasus 
tianschanica
өсімдігінің жер үсті бөлігі Шығыста (Аягөз), Тарбағатай, Жоңғар, Іле және 
Күнгей Алатауы, Қаратау, Шу-Іле тауларында кездеседі
. Cerasus tianschanica
денсаулық 
нығайтатын компоненттерге бай екені белгілі. Биологиялық белсенді заттардың ішінде 
маңыздысы полифенолды қосылыстар. Олар химиялық құрылымының арқасында бос 
радикалдарды оңай ұстай алады, қатерлі ісік қаупін азайтады, артрит пен қабынуды, 
ауырсынуды жеңілдетеді. Полифенолдарды күнделікті тұтыну қатерлі ісік, остеопороз, қант 
диабеті, атеросклероз, неврологиялық патология сияқты кейбір стресстік тотығу 
бұзылыстарының алдын алуға әсері бар. Зерттеу нәтижесінде 
Cerasus
tianschanica 
өсімдігінің 
құрамында кумариндер, флавоноидтар, органикалық қышқылдар анықталды және 
минералды құрамы зерттелді. 
Cerasus tianschanica
өсімдік түрінен биологиялық белсенді заттарды максималды 
бөлінуін қамтамасыз ету және субстанция алу технологиясын оңтайландыру үшін 
экстракциялаудың екі әдісі қарастырылды: мацерация және ультрадыбыстық әдіс. 
Субстанция алу технологиясының тиімді параметрлері қарастырылды. Зерттеу барысында 
ультрадыбыстық әдіс экстракция уақытын қысқартады және тиімдірек болып табылды. 
Cerasus tianschanica
өсімдігі үшін шикізат экстрагент қатынасы 1:10 кезінде шығымы 
жоғары болды. Экстракция уақыты – 90 минутты қамтыды. Ультрадыбыстық әдіс 
температурасы – 40-45 °С, тиімді экстрагент ретінде 50 % сулы-этил спирті қолданылды. 
Экстракция нәтижесінде алынған субстанцияның химиялық құрамын толық анықтау, 
оның сапасын бағалау жұмыстары жасалынуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет