«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
47
ҚҰРАМЫНДА КҮМІС НАНОБӨЛШЕКТЕРІ БАР ПОЛИМЕРЛІ МАТЕРИАЛДЫ АЛУ
ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ
Екпін А.
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Жумагалиева Ш.Н.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
aibotaekpinstudy@gmail.com
Қатерлі ісік жыл сайын 10 миллионға жуық адамның
өмірін алатын және еңбекке
жарамдылығын төмендететін қауіпті ауру. Статистикаға сүйенер болсақ, қатерлі ісік жыл
сайын шамамен 400 000
балада дамиды, ал қатерлі ісікті емдеу уақыты ұзақ әрі қымбат.
Әлемдегі қатерлі ісікпен күресудің басты мақсаттарының бірі - мұндай диагноз қойылған
адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттыру. Соңғы жылдары қатерлі
ісікке қарсы терапияда
күміс нанобөлшектерін қолдануға қызығушылық пайда болды. Обыр жабысқан жасуша өте
тез көктейді де, айналасындағы
организмдерге жайылып кетеді, қысқа мерзімде
қантамырлары арқылы да тұқымын мүше - мүшеге таратып, денені уландырады. Күміс
нанобөлшектері мен олардың негізіндегі полимерлі материалдардың әртүрлі түрлерін ісікке
қарсы
терапияда, цитостатиктер ретінде немесе терапевтік агенттерді ісікке жеткізуші
ретінде қолдануға болады.
Tamarix Hispida
өсімдігінің экстрактысының негізінде күміс нанобөлшектерін алудың
экстрактының құрамына кіретін табиғи қосылыстарды металл тұздарымен тотықсыздандыру
әдісі таңдалынды. Бұл әдіс жасыл әдістердің қатарына жатады.
Tamarix Hispida
өсімдігінің
антирадикалдық, антиоксиданттық және ісікке қарсы қасиеттері бар. Күміс нанобөлшектерін
алу мақсатында
Tamarix Hispida
өсімдігінің гүлдерінен мацерация әдісі арқылы антоциандар
бөлініп алынып, сандық талдаулар жүргізіледі. 24 сағат бойы экстракция жүру
барысында
400 - 700 нм диапазонында спектр сіңіру арқылы пигменттердің сандық мөлшері
анықталады. Антоциандар негізінде күміс нанобөлшектері алынады. Күміс нанобөлшектері
тез
және тиімді, уытты емес, аллергияға
қарсы және тітіркендірмейді, әрі бактерияға және
ісікке қарсы.
Достарыңызбен бөлісу: