Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет45/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
49 
ҚАРА ИТМҰРЫННЫҢ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 
 
Ержанова А.С. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Нурлыбекова А.К. 
Ғылыми консультант: PhD., профессор Жеңіс Ж. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
erzhanova.aidana@list.ru 
Қазіргі таңда еліміздің тұрғындары витамин жетіспеушілігінен көптеген ауруларға 
шалдығып, иммунитеттері төмендеуде. Соған байланысты ғалымдар әртүрлі дәрілік 
препараттар мен витаминдердің жаңа тиімді жүйесін дайындауда. Атап айтқанда, 
қара
 
итмұрыннан
алынатын дәрілік препараттар. 
Итмұрын
— раушангүлділер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не 
шырмауық көпжылдық өсімдіктердің тегі. 500 – ге жуық түрі бар, Солтүстік жарты шардың 
қоңыржай және субтропикалық аймақтарында, сондай-ақ кейде тропикалық белдеудің таулы 
аймақтарында жиі кездеседі. Оның өсуі үшін әсіресе қолайлы жағдайлар Жерорта теңізінен 
Гималайға дейін және одан әрі Шығыс Азияда. Қазақстанда 
итмұрынның
25 түрінен - 4 
эндемиктер, сонымен қатар сирек кездеседі: Жаркент, Іле, цинкофол, Павлов итмұрыны. 
Әртүрлі тексерулер мен сараптаманың нәтежесінде 
итмұрынның
құрамында Менделеев 
кестесіндегі элементтердің жартысынан көбі бар деуге де болады. Бұл оны поливитамин 
ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан 
аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін 
дәрілік өсімдік ретінде пайдалануға болатының дәлелдейді.
Дәрілік өсімдіктің сапалық және сандық талдауы жасалды. Биологиялық белсенді 
компоненттер анықталды, мысалы флавоноидтар (0,0956 %), алкалоидтар (3,408 %), 
полисахаридтер (8,414 %), экстрактивті заттар (33,47 %). Итмұрын күлінің атомдық 
эмиссиялық спектрлік талдау әдісі арқылы 11 макро және микроэлементтер анықталды, 
олардың негізгілері K (1072,25 мкг/мл), Ca (557,56 мкг/мл), Fe (2,2993 мкг/мл), Mg (234,84 
мкг/мл). Сонымен қатар, жалпы күл (5,91 %) талданды. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет