БАҚАЖАПЫРАҚ (
PLANT
А
GO
) ӨСІМДІГІНЕН
ТҰНДЫРЫНДЫ АЛУ ЖОЛЫН ҰСЫНУ
Жолдыбаева Л.Е.
Ғылыми жетекші: доцент м.а., PhD Кипчакбаева А.К.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
lolaerl@mail.ru
Өсімдіктердің химиялық құрамы өте күрделі және алуан түрлі. Олардың құрамы тек
әртүрлі түрлермен ғана ерекшеленбейді, сонымен бірге, бір түрдің ішінде әртүрлі
сорттардың химиялық құрамы бірдей болмауы әбден мүмкін. Тұндырындылар мен хош иісті
спирттер алудың негізгі өндірістік кезеңі – экстракциялау үдерісі. Сондықтан, әр өсімдік
шикізаттары үшін қатты-сұйық периодтық жүйелер және үздіксіз әрекетке ие экстрактор
конструкцияларының саны өте көп. Олардың барлығы тиімділігі, энергия тұтынуы және
белгілі бір өндірісте қолдану мүмкіндігіне қарай қолданылады.
Үлкен бақажапырақ биіктігі 20–30 см-ге дейін жететін, гүлдейтін бақажапырақ
тұқымдасына жататын белгілі көпжылдық шөп. Бақажапырақ Еуропаның, Азияның,
Африканың және Американың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында өседі.
Бақажапырақтан алынған дәрілер микробқа қарсы, қабынуға қарсы, ас қорыту бездерінің
секрециясын күшейтетін, ойық жараға қарсы, спазмолитикалық, қақырық түсіретін, әлсіз
жөтелге қарсы, қан тоқтататын әсерге ие.
Зерттеу жұмыс барысында,
Plantago
дәрілік өсімдігіне сандық және сапалық талдау
жасалды. Зерттеу нәтижесінде өсімдіктің шынайылық көрсеткіштері анықталды:
ылғалдылығы – 5,0%, күлділігі – 4,3%, экстрактивті заттар – 31,6% (50% сулы спирт
ерітіндісінде), экстрактивті заттар – 42,1% (80% сулы спирт ерітіндісінде). Органикалық
қышқылдар (1,23%), флавоноидтар (0,62%), полисахаридтер (2,078%) сияқты
Plantago
-ның
жалпы биологиялық белсенді заттар топтары анықталды. Өсімдік күлінің құрамынан
минералды заттар атомды-абсорбционды спектрометр көмегімен 11 макро-микроэлемент
анықталды, олардың негізгілері К (1369,60 мкг/мл), Са (381,62 мкг/мл), Mg (99,29 мкг/мл),
Na (31,390 мкг/мл).
Өсімдіктен биологиялық белсенді заттарға мол тұндырынды алудың оңтайлы
технологиялық схемасы қарастырылуда. Бұл зерттеу жұмысының нәтижесінде,
фармацевтика өнеркәсібінде табиғи компоненттер негізіндегі адам денсаулығына оң әсерін
тигізетін, аурудың алдын алуда қолданылатын дәрілік заттар алуға мүмкіндік туады.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
58
Достарыңызбен бөлісу: |