АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ӨСЕТІН RUBUS VULGАRIS
ӨСІМДІГІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ
Заманхан М.Н
.
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Дюсебаева М.А.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
zmnkhn18@gmail.com
Қазіргі кезде медициналық дәрі-дәрмектерге қолданылатын өсімдік шикізатына
қойылатын басты талаптардың бірі: құрамында- фенолды қосылыстардың болуы, сонымен
қатар, аз уыттылығы, кері әсерлер мен аллергиялық реакцияларды көрсетпеу секілді
қасиеттерге ие болуы. Аталып өткен қасиеттерді қамтығандықтан, соңғы жылдары
қарабүлдірген өсімдігі шикізатынан әртүрлі дәрілік препараттар алу жолы қызығушылық
тудыруда.
Зерттеу нысаны раушангүлділер тұқымдасы, Rubus туысына жататын - Rubus vulgаris
өсімдігінің жерүсті бөлігі, атап айтқанда-сабағы. Қазақстанның орманды дала белдеуінде:
СҚО, Талдықорған, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында кеңінен
тараған Rubus vulgаris өсімдігі. Кәдімге қарабүлдірген өсімдігінің гүлдеу уақыты шілде
аяғының аяғы мен қазан айының басы. Сабақтарының өсу биіктігі 2м құрайды. Өсімдік
шикізаттарын жинаудың тиімді кезеңі болып тамыз айының ортасы мен қыркүйек айының
соңы саналады.
Rubus vulgаris тек фенолды қосылыстарға ғана емес, флаваноидтар, тері илегіш заттар,
органикалық қышқылдар және С, К дәруменіне бай, сол себепті: диарея, ангина, гастрит,
суық тию симптомдарынына қарсы дәрілік зат жасауда қолданылад. Құрамында магний,
марганец, калий секілді минералды қосылыстар болуына байланысты остеопороз, сүйекті
нығайтқыш, қан ұюын ынталандыратын, қант диабеті ауруын алдын алу мақсатында
қолданылатын профилактикалық препараттар дайындауда шикізат ретінде көптеп кездеседі.
Rubus vulgаris өсімдігінің биохимиялық құрамының зерттеу барысы арнайы
спектрофотометрия аппараты көмегімен әртүрлі үлгімен салыстыру арқылы, бір және екі
жүйелі қағазды хроматографиялық әдістер көмегімен әртүрлі еріткіштер жүйесінде арнайы
айдағыштар көмегімен жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша, Rubus vulgаris өсімдігінің
ылғалдылығы- 6,71 , экстрактивті заттар (80% сулы-спирт) – 16, 49% , кверцетин бойынша
флавоноид мөлшері-0,23%, күлділігі- 3,48 % тері илегіш заттар – 1, 56 % құрады.
Зерттеу жұмастары әлі де жалғасуда.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
61
Достарыңызбен бөлісу: |