«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
53
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ӨСЕТІН CENTAUREA DIFFUSA LAM.
ӨСІМДІГІН ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Жаныбекова А.
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к, доцент Дюсебаева М.А.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
adelzhanybekova@mail.ru
Қазақстан аумағында ғасырлар бойы дәстүрлі медицинада қолданылып келе жатқан
дәрілік өсімдіктердің орасан үлкен қоры бар. Еліміздің флорасы 6000-нан астам өсімдік
түрлерін қамтиды, алайда олардың зерттелу дәрежесі төмен. Бұл мәселені шешу ең
алдымен дәрілік өсімдіктердің ресурстық базасын зерттеу арқылы және медицинада
пайдалану үшін қажетті перспективалы өсімдік түрлерін іздестіру болып табылады.
Фармацевтика ғылымының алдында тұрған міндеттердің бірі – биологиялық белсенді
қосылыстардың потенциалды көздерін іздеу, сондай-ақ физикалық және химиялық
қасиеттерін зерттеу, сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтау.
Биологиялық белсенді заттарды зерттеп, әр түрлі өсімдік түрлерінің шикізатынан
дәрілік препараттар жасау арқылы отандық өсімдік өнімдерінің ассортиментін кеңейтіп,
тиімділігі жоғары және улылығы аз шөптік препараттарға деген қажеттілікті
қанағаттандыруға болады. Осыған байланысты соңғы жылдары Қазақстан Республикасының
экстремалды жағдайларға бейімделген сортаңды және құрғақ топырақтарында кеңінен өсетін
жабайы өсімдіктерді зерттеу жұмыстары кеңеюде.
Зерттеу нысаны: Алматы облысында жиналған василек раскидистый
(Centaurea diffusa
lam
.) өсімдігі.
Жұмыстың
мақсаты
– василек раскидистый өсімдігінің (Centaurea diffusa lam.)
биологиялық белсенді қосылыстарының сапалық және сандық құрамын зерттеу,
биологиялық белсенді кешендерін алудың тиімді технологиялық нұсқасын жасау, және оны
медициналық және фармацевтикалық тәжірибеде қолдану перспективаларын анықтау.
Зерттеу барысында өсімдіктің шынайылығы(ылғалдылық, күлділік, экстрактивті
заттар) және құрамындағы ББЗ-дың (органикалық қышқалдар, сапонин, кумарин, флавоноид,
тері илегіш заттар, алкалоид) сандық мөлшері, өсімдік күлінің құрамындағы минералды
заттарды атомды-эмиссионды спектрометр көмегімен анықтау жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
54
Достарыңызбен бөлісу: |