ӨСІМДІК КОМПОЗИЦИЯСЫНАН ШӘРБӘТ АЛУ ЖОЛЫ
Ертай Б.
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Ескалиева Б.К.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
Bekzada2001_2001@mail.ru
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстанның фармацевтикалық нарығы әлемдік
нарықтың бір бөлігіне айналды. Отандық дәрі-дәрмек өндірісінің дамуы мемлекет үшін де,
қарапайым халық үшін де өте маңызды болып табылады. Біздің зертеулерімізде жантақ
(
Alhag
і
) пен сарыбас шайқурай (
Н
. perforatum
) шөптерінен оңтайландырылған шәрбат алу
технологиясын ұсынамыз. Жантақ пен сарыбас шайқурай өсімдігінің емдік қасиеттерін
халқымыз ерте заманнан-ақ білген және қолданып келген.
Жантақ
(Alhag
і
)
— бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Еліміздің шөл
далалық аудандарында сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлерде, өзен аңғарларында,
тау бөктерлерінде өседі. Оның іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін
және қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Өсімдіктің жапырақтары мен бұтақтарынан
жасалған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда
пайдаланады.
Шайқурай
( Hypericum)
– шайқурай тұқымдасына жататын бір және көп жылдық
өсімдік. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. Оның халықтық
медицинада қабынуға қарсы, антисептикалық қасиеттерге ие, асқазан - ішек жолдарының
аурулары, асқазан секрециясын ынталандырады.
Зерттеу нысаны: 2022 жылы жиналған Жантақ (Alhagі) - Қызылорда қаласы, Сарыбас
шайқурай (Н. perforatum) Алматы қаласы жинақталған.
Зерттеу барысында өсімдіктің әртүрлі пайыздағы сулы-этонол (10%, 30%, 50%)
сығындыларының сапалық құрамы зерттелді. Екі жүйелі қағазды хроматография (ҚХ)
әдісімен әр түрлі еріткіштер жүйесінде, арнайы айқындағыштарды қолдану арқылы
өсімдіктің ББЗ-ы анықталды.
Зерттеу нәтижесінде 3/2 қатынаста 50% этил спиртінде экстрактивті заттардың мөлшері
32,3%- ды құрады. Бірінші экстракция, 1: 8 қатынасында (шикізат: еріткіш) және ең жақсы
экстракция уақыты 72 сағат белгіленді. Нәтижесінде белгілі бір қызғылт түсті сығынды
алынды. Жүргізілген сандық талдаулар бойынша, шикізат ылғалдылығы - 6,12 % ; күлділігі -
8,33%; флавоноидтар – 2.3%; тері илегіш заттар – 1.46%, кумариндер – 0.07%,
полисахаридтер - 15.33% , бос органикалық қышқылдар – 1.2% бар екені анықталды.
Қазіргі уақытта осы дәрілік өсімдіктер бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жалғасын
табуда.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
51
Достарыңызбен бөлісу: |