Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет67/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
71 
МЫҢЖАПЫРАҚ
 (ACHILL
Е
A MILLEF
О
LIUM) 
ӨСІМДІГІНЕН СУБСТАНЦИЯ АЛУ 
ЖОЛЫ 
 
Кызырова А. 
Ғылыми жетекші: PhD, доцент м.а. Кипчакбаева А.К. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
kzrva@inbox.ru 
Дәрілік өсімдік шикізаты (ДӨШ) фармацевтика саласында маңызды рөл атқарады. 
Олар өсімдіктердің гүлдері, тамырлары, жапырақтары, сабақтары мен жемістері сияқты 
өсімдік материалдарынан жасалады және көптеген аурулардың алдын алу және емдеу үшін 
қолданылады. ДӨШ-ның басты артықшылықтарының бірі-олардың табиғи және қауіпсіз 
болуы, өйткені олардың құрамында жанама әсерлер тудыруы мүмкін синтетикалық қоспалар 
мен химиялық қосылыстар болмайды. 
Біздің зерттеуімізде кәдімгі мыңжапырақ 
(Achill
е
a millef
о
lium) 
шөбінен басым 
технологиялық параметрлерді қолдана отырып,субстанция алу технологиясын ұсыну. 
Кәдімгі мыңжапырақ - Asteraceae тұқымдасына (
Asteraceae Dumort
.) жататын 
көпжылдық шөптесін өсімдік. Дәрілік мақсатта жер үсті бөлігі қолданылады.
Мыңжапырақты жатырдан,өкпеден,ішеітен,мұрыннан,геморрой түйіндерінен қан 
кеткенде және асқазанға жара түскенде пайдаланады.Дене сыртындағы жараларға да 
тұнбасын жағып,жапырақтарын таңып қояды.Халық медицинасында мыңжапырақты өт
бауыр ауруларында,бронхтың қабынуын,геморройды емдеу үшін қолданады. 
Бір және екі жүйелі қағазды хроматография әдісін пайдаланып (бутанол: сірке 
қышқылы: су 40:12,5:29 және 6% сірке қышқылы), белгілі айқындағыштар көмегімен 
сапалық сараптау жүргізілді. Сандық сараптау нәтижесінде мыңжапырақ өсімдігінің 
құрамында органикалық қышқылдар,флавоноидтар,полисахарид,сапониндер бар екені 
анықталды. 
Зерттеу барысында әртүрлі пайыздағы сулы-этанолмен (50%,70%,80%) өсімдіктің 
сапалық құрамы зерттелді. Экстрактивті заттардың ең жоғарғы мәні 80% сулы-этанолмен 
8,4%-ды құрады. 
Экстракция үшін 1:10 қатынасы және 55-60 °C технологиялық параметрлері зерттеліп 
алынды. 
Жүргізілген сандық талдаулар бойынша шикізат ылғалдылығы – 5,72%, күлділігі – 
1,01%, бос органикалық қышқылдар – 4,61%, тері илегіш заттар – 2,14%, сапониндер -2.87% 
, флавоноидтар – 3.09%, бар екені анықталды. 
Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет