«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
75
ҚАРАНДЫЗ ТАМЫРЫНАН (
INULA RACEMOSA
) БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ
КЕШЕНДІ АЛУ ЖОЛЫН ЖАСАУ
Мамашев Ш.М.
Ғылыми жетекші: PhD, профессор Жеңіс Ж.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
mamashev-2001@mail.ru
Қарандыз (
І
nula racemosa
) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық,
кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер болып табылады. Жалпы қарандыз өсімдігінің (
І
nula
)
Қазақстанда 12 –ден астам түрлері өседі. Халық арасында қарандызды – қақырық түсіретін,
асқорыту мен заттар алмасуын жақсартатын, тер шығаратын, несеп жүргізетін дәрі ретінде
қолданады.
I. racemosa
өсімдігі қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары және созылмалы
диспепсияны емдеу үшін қолданылған дәрілік өсімдік. Дәрілік препараттарды өндіру үшін
әлеуетті шикізат көзі ретінде қарандыз тамырының перспективалы түрі – Инула рацемоза (
I.
racemosa)
өзекті болып табылады.
ШҚО, Алтай таулары өңірінен жиналған инула рацемоза (
I. racemosa)
өсімдігінің
химиялық құрамын зерттеп, олардың құрамынан биологиялық белсенді кешенді алу жолын
жасау. Қарандыз өсімдігі Қазақстанның барлық аймақтарында өседі. Ылғалды, шалғынды
жерлерде және таулы биік өлкелерде көптеп кездеседі. Өте көптеп кездесетін аймақтары
Қытай,Үндістан және Непал территорияларында өседі.
Бұл жұмыста ШҚО, Алтай таулары өңірінен жиналған
I. racemosa
дәрілік өсімдіктің
фитохимиялық құрамдас бөліктеріне сандық және сапалық талдау жасалды. Зерттеу
нәтижесінде өсімдіктің сапалылығының көрсеткіштері: ылғалдылығы – 5,76%, күлділігі –
5,35%, экстрактивті заттар 80% сулы спирт ерітіндісінде – 28,01%, 50% сулы спирт
ерітіндісінде – 40,23% анықталды. Органикалық қышқылдар (0,07%), флавоноидтар
(0,1092%), кумариндер (0,9848%), тері илегіш заттар (1,3233%), полисахаридтер 25,6154%
(себебі қарандыз құрамында инулин көп мөлшерде кездеседі), сапониндер (5,8281%) сияқты
I. racemosa
өсімдігінің жалпы биоактивті компоненттері анықталды. Қарандыз (
I. racemosa
)
үлгілері күлінің құрамынан минералды заттар атомды–абсорбционды спектрометр көмегімен
анықталды, оның ішінде ең көп мөлшерде болған элементтер: калий (1614,275 мкг/мл),
кальций (433,040 мкг/мл).
I. racemosa
өсімдігіне жалпы экстракция жасалды. Бес фракцияға бөлінді: петролейн
эфир, дихлорметан, этилацетат, бутанол және сулы бөлік. Осы бөліктерге жұқа қабатты
хроматографиялық сапалық анықтаулар жүргізілді. Жоғары эффективті сұйықтық
хроматография әдісімен
I. racemosa
өсімдігіне сандық анықтау жүргізілді. Этилацетат
бөлігіне сандық анықтау барысында құрамында катехин бар екені алғаш рет анықталды.
Биологиялық белсенді заттарды анықтауды жалғастыра отырып,
I.racemosa
өсімдігінің
тамырынан түйіршіктелген дәрілік препарат түрін жасап шығару бағыты көзделуде.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
76
Достарыңызбен бөлісу: |