СЫРДАРИЯ СҮТТІГЕН
(EUPHORBIA JAXARTICA)
ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫ
НЕГІЗІНДЕ ҚҰРҒАҚ СЫҒЫНДЫ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ
Наурызбай Г.Б.
Ғылыми жетекші: PhD, доцент Сейтимова Г.А.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
gulzaat18@mail.ru
Өсімдік зерттеудегі негізгі
өзектілік биологиялық белсенді заттардың көзі ретінде
шикізатта аз уыттылық, биожетімділігі және биологиялық белсенділігі жағынан
синтетикалық препараттармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары белсенділікке ие болуында.
Сырдария сүттіген
(Euphorbia jaxartica)
– сүттігендер (Euphorbiacea Juss) тұқымдасына
жататын бір не көп жылдық өсімдіктер мен шала бұталар.
Сырдария сүттігені халық
медицинасында бүйрек ауруларына, жатырдан қан кетуге, қан тазартқыш ретінде
қолданылған. Сонымен қатар іш өткізетін, несеп жүргізетін және ішек құртын түсіретін,
қатерлі ісіктерді емдейтін дәрі ретінде пайдалы деп саналады. Қотырға, қышымаға қарсы
қолданылатын дәрі тапшы кезінде оның шөбінің тұнбасымен (1:20) емдеген.
Сырдария сүттіген
(Euphorbia jaxartica)
өсімдігінің сапалылығы және биологиялық
белсенді заттардың негізгі топтарының сандық құрамдарының зерттеулері ҚР Мемлекеттік
Фармакопеядағы І әдістемелік нұсқаулар бойынша жүргізілді. Нәтижесінде өсімдік
шикізатының ылғалдылығы – 5,59 %, күлділігі – 3,16 %, экстрактивті заттар мөлшері (70 %
сулы спирт) – 29,65 %, сапониндер – 0,36 %, алкалоидтар – 0,50 %, тері илегіш заттар –
0,83 %, органикалық қышқылдар – 2,05 %, көмірсулар – 2,64 %, кумариндер – 3,60 % құраса,
флавоноидтар мөлшері 10,90 % болды.
Тиімді экстракция үдерісін оңтайландыру мақсатымен өсімдік шикізатындағы
биологиялық белсенді заттардың шығымына әсер ететін параметрлері іздестірілді. Ең
тиімдісі ультрадыбыстық экстракция көмегімен 70%-ды этил спирті (шикізат: экстрагент
қатынасы 1:8-10, шикізат ұсақталу дәрежесі 9-10
мм, 2 сағат), бұл жағдайларда биологиялық
белсенді заттар 25-30%-ға дейін экстракцияланады. Зерттеу барысында бір және екі жүйелі
қағазды хроматографиялық әдістер көмегімен әртүрлі еріткіштер жүйесінде, арнайы
айқындағыштарды қолдану арқылы
сырдария сүттіген
(Euphorbia jaxartica)
өсімдігінен
алынған сығынды құрамында негізгі биологиялық белсенді заттары – флавоноидтар,
кумариндер, тері илегіш заттар, сапониндер және амин қышқылдары екені анықталды.
Зерттеу жұмыстары жалғасуда.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
81
Достарыңызбен бөлісу: |