«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
82
АҚ ДАЛА САҢЫРАУҚҰЛАҒЫНАН (
PLEUROTUS ERYNGII
) БИОЛОГИЛЫҚ
БЕЛСЕНДІ КЕШЕН АЛУ ЖОЛЫ
Ныған Н.
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент
Ескалиева Б.К.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
.
Алматы
қ
.
hgalymkhan@gmail.com
Саңырауқұлақтар – бағалы тағамдық өнім. Бұлар дәмді және хош иісті ғана емес,
сонымен қатар пайдалы және қоректік болып келеді. Олардың
құрамынан алуға болатын
ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералдар мен дәрумендер
адамның тамақтануында
маңызды рөл атқарады. Тамақ өнеркәсібінен бөлек саңырауқұлақтар медицинада
фунготерапияда қолданылады. Бұл саңырауқұлақтардың құрамынан түрлі
биологиялық
белсенді қосылыстарды зерттеу және бөлу жұмыстары өзекті мәселе болып табылады.
Ақ дала саңырауқұлағы
(
Pleurotus eryngii
)
–
Қазақстанның
көп аймағында таралған
жеуге жарамды саңырауқұлақтың бірі., устрица (
Pleurotaceae
) тұқымдасына жататын
Pleurotus
саңырауқұлақтарының 42-ге жуық түрі бар. Қалпағының диаметрі 4,5-13 см,
терісінің түсі
бастапқыда қызыл-қоңыр, кейін уақыт өте келе қоңырдан бозғылт сарыға
өзгереді. Беті,
әсіресе ортасы, қабыршақты, талшықты болып келеді. Аяғының биіктігі 2-5
см, қалыңдығы 2,5 см-ге дейін болады. Жинау маусымы - сәуір айының аяғынан қыркүйекке
дейін.
Зерттеу нысаны ақ дала саңырауқұлағы (
P.eryngii
) 2021 жылдың сәуір айында Жамбыл
облысы, Далақайнар елді мекенінде жиналған.
Алматы қаласы Ботаника және
фитоинтропродукция
институты,
альдология
және
микология
кафедрасында
идентификацияланды.
P.eryngii
құрамынан май қышқылдары, әртүрлі
дәрумендер алуға
болады. Құрамындағы дәрумендер мен басқа да биологиялық белсенді заттар күшті
антиоксиданттық қасиетке ие болып келеді.
Зерттеу барысында келесі нәтижелер алынды: саңырауқұлақ ылғалдылығы – 9,6%,
күлділігі - 14,8% болды. Экстрактивті заттар құрамы әр түрлі еріткіштер арқылы анықталды:
суда – 61,4%, сулы-этанол бойынша 30% - 52,9%, 50% - 34,7%, 70% - 45,5%, 90% спиртте –
88,4%. Бос органикалық қышқылдар мөлшері – 1,3%. Жоғары эффективті сұйықтықты
хроматография әдісімен Д
3
, Е, B
3
(PP), B
1
, B
2
, B
3
, B
5
, В
6
, В
9
, С дәрумендері, сонымен қатар,
газ хроматография әдісімен 23 май қышқылы анықталды. Оның ішінде пальмитин қышқылы
– 18,2%, олеин қышқылы – 30,5%, линол қышқылы – 36,9% май қышқылдары көп үлес
көрсетті.
Зерттеу жұмыстары әрі қарай жалғасуда.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
83
Достарыңызбен бөлісу: