ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Орынова Д.Ж.
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Жумагалиева Ш.Н.
әл
–
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
orynovad@inbox.ru
Қазіргі таңда хирургиялық жараларды, дәрежелі күйіктерді, жараларды күту және де
тану қажеттілігіне байланысты жаһандық алаңдатушылық тудыруда. Жаралардың емделу
барысына байланысты жедел немесе созылмалы болып екіге бөлінеді. Тері жарақатының
тереңдігі мен көлеміне байланысты 2-3 ай уақыт аралығында емделетін, тез жазылатын
жараларды – жедел жаралар деп атаймыз. Созылмалы жаралар қатарына диабеттік, ойық
және де күйік жаралар жатады. Күйіктерді немесе жараларды емдеуде таңғыштардың 300-
ден астам түрі кездеседі. Қазіргі уақытта жараны, күйіктерді емдеу үшін төзімділік,
икемділік, су буын өткізгіштігі және де жоғары механикалық қасиеттер көрсететін таңғыш
материалдар қажет. Сонымен қатар жараны емдеу барысындағы таңғыштар жараны
сусыздандыруы немесе ылғалдандыруы, ылғал ортаны сақтай алуы, жараны әр түрлі
инфекциялардан қорғай алуы қажет.
Жараны таңғыш материал алу мақсатында бұл жұмыста табиғи және синтетикалық
дәрілік заттар, табиғи полимер ретінде суда еритін, мөлдір және де түссіз табиғи ақуыз,
биополимер болып табылатын желатин пайдаланылды. Желатин негізінде алынған
таңғыштар немесе үлдірлер қолжетімді, биоүйлесімді, биоыдырағыш болып келеді. Осы
қасиеттеріне байланысты медицина саласында, фармацевтика саласында да қолданысқа ие.
Желатин негізіндегі таңғыштар нәзік және механикалық қасиеттері төмен болуы, оның емдік
қасиетін, жараға су буын өткізгіштік қасиеттерін, икемділік қасиеттерін, төзімділік
қасиеттерін төмендетеді. Емдік қасиеттерін арттыру мақсатында декагидрохинолин
қосылысы пайдаланылды. Декагидрохинолин бар желатин негізіндегі үлдірлерге ісінгіштік
зерттеу нәтижесі бойынша, дистилденген суда және де физиологиялық ерітінділердегі
көрсеткіштері, сәйкесінше, 8 және 16 тең болды. Құрамында декагидрохинолин бар желатин
негізіндегі үлдірлердің шекті түсіру күші мен созылу шегі зерттеу нәтижелері бойынша 2кг
жүктемеге механикалық қасиеттері жағынан төзімді,берік болып келеді. Поливинил спирт
негізіндегі құрамында декагидрохинолин қосылысы бар үлдір механикалық қасиеттері
жағынан желатин негізіндегі үлдірге қарағанда төзімділігі мен беріктілігі жоғары нәтиже
көрсетті. Поливинил спирт және желатин негізіндегі таңғыш материалдар ретінде
қолданылатын үлдірлердің ісіну дәрежесі, ылғал өткізгіштігі, механикалық қасиеттері
зерттеу нәтижесінде үлдір құрамы ұсынылды.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
85
Достарыңызбен бөлісу: |