β-(МОРФОЛИН-1-ИЛ) ПРОПИОАМИДОКСИМ
НЕГІЗІНДЕГІ СПИРОГЕТЕРОЦИКЛДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ СИНТЕЗІ
Пердебаева Ә.Е.
Ғылыми жетекші:
PhD, доцент м.а. Елибаева Н.С.
әл
–
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
erlankizi90@icloud.com
Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде қабынудың пайда болуымен
сипатталатын жұқпалы ауру.Туберкулез басқа ауруларға қарағанда жыл сайын жер жүзінде
1,6 млн адам өмірін алатын жұқпалы ауру. Қазіргі таңда бүкіл әлем халқының төрттен бір
бөлігі туберкулез ауруына шалдыққан.
Қазақстан, бұрынғы Кеңестік Одақтың бірқатар елдері қатарлы, бұрын жоғары
деңгейде туберкулез ауруымен және оған байланысты өліммен ерекшеленетін. Алайда,
соңғы он жыл ішінде тиімді диагностикаға және емделуге қол жеткізу арқасында елде
туберкулез ауруын 2,2 есе, өлім-жітім 5,4 есе қысқартылды.
Алайда қазіргі заманда қолданылатын препараттарға төзімді болып табылатын осы
аурудың жаңа штамдары пайда болды. Басқа бактериялар сияқты, микробактериялар да
генетикалық өзгерістерге (мутацияға) ұшырауы мүмкін, нәтижесінде олар туберкулезге
қарсы препараттарға табиғи төзімділікке ие болады. Бұл аурудың жаңа формалары–
мультирезистенттік туберкулез формаларына төзімді, басқа сөзбен айтқанда көп дәрілерге
төзімді туберкулез (МД-ТТ) және супертөзімді туберкулез. Бұл төзімділік, мүмкін, адам
баласының саналы қателігімен байланысты болуы да мүмкін, ауруды емдеу кезіндегі дұрыс
дәрілердің пайдаланбауы немесе толықтай ем берілгенін күтпей ем-шараны жарты жерден
тоқтатуы. Осылайша, жаңа туберкулезге қарсы және антидиабетикалық препараттарды
іздестіруге, уыттылығы төмен, тиімдірек, экономикалық жағынан қолжетімді болып
табылатын инновациялық тәсілге деген қажеттілік туып отыр. Соның ішінде
спирогетероциклді қосылыстарды синтездеу қолға алынды.(
-Пиперидин-1-ил, β-
тиоморфолин-1-ил, β-4-фенилпиперазин-1-ил,
-Морфолин-1-ил)
β-(Морфолин-1-ил)пропиоамидоксим жаңа туындыларының биологиялық белсенділігін
болжауы жүргізілді. Олар фобияларға қарсы, антиневротикалық, кардиотоникалық,
антигипертензивті, инсулин ингибиторы, миокардтың инфаркты, вирусқа қарсы қасиеттеріне
ие болу мүмкінділігі 95,2
31% тең болуы анықталды.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
86
Достарыңызбен бөлісу: |