1. 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Оқытушының аты-жөні – Мұқатаева Зәуре Қадырбаевна, т.ғ.к., доцент «Тарих» кафедрасы .
Байланыстық ақпарат: телефон – 35-60-29 /деканат/; №1 ғимаратта № 1011
Сабақтың өтетін орны № 1 оқу ғимарат № 1011 дәрісхана
Кредит саны – 3
1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Әбу Насыр әл-Фараби "Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайда, келешекті болжау қиын" десе, А.Байтұрсынұлы "Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы- тарих" деп өте жоғары бағалаған. Тарих ойға бағындырылған. Оның табиғаты да осында. Тарихи материал оқушылардың жан дүниесінде орын табатындай болуы міндетті.
Кеңес еліндегі одақтас республикалардың көпшілігінің мектептерінде сол республика аты берілген ұлттық тарихы жүртышылықтың талап етуімен 1958-1959 оқу жылынан бастап қана оқытыла бастады. Оның өзінде арнайы сағат бөлінбей КСРО тарихына бөлінген уақыт есебінен , соның құрамында оқытылды. 1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан үлкен өзгерістерге және де Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енуіне байланысты ол құрамындағы көптеген әдістемелік ұсыныстардың қазіргі талаптарга жауап бере алмайтыны түсінікті.
Қазақстан Республикасы "Білім" заңындағы талаптарды негізге алып, тарих пәнін жүргізудегі үш мақсатты айқындаудағы бағдарлама- жарқын болашақтың азаматын жан- жақты тәрбиелеудің басты мұраты.
Тарихи білім мазмүнынының күрделі өзгеріске түсуі оны оқытудың әдісі, тәсілдерін де жаңартуды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |