Өзін-өзі реттеу сферасы - жеке адам өзінің жүріс-тұрысы мен әрекетін реттеуге бағытталған.
Талаптану, ниеттену - мінез-құлықтың мотивициялық компонентіне жатқызылады.
Ерік - кедергі қиыншылықты жеңудегі қажеттілік.
Адам-өзінің қажеттерін орындау үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Қажеттерін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш- сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен мақсатқа жетуге тырысады [40,12].
Ал, қажет дегеніміз- адамның ойлану қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі. Олай болса адамдардың қажеттері іс-әрекеттерінің негізгі түрткілері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы. Қажеттілік -өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер табиғи қажеттілік өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да жануарлар да тіршілік ете алмайды. Ғылыми әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген.
Мотив дегеніміз- белгілі бір қажеттілікті өтеуге әсер ететін тұлғаның іштей құлшынысындағы белсенділігі. Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта көрінеді. Ал, түрткінің сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық, сенім, әлеуметтік тәртіп саласындағы құндылықтардан көрінеді. Ізденуге себеп болатын бағдар - таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып, қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас. Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп білсек, қажеттілікті өтеу - тұлғаны белсенділікке ұмтылдыратын қозғаушы күш деп түсінуге болады. Сонда түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны табуға ықпал етеді. Былайша айтқанда мотив тұлғаның мінез-құлқы мен әрекетіндегі белсенділігін реттейтін жетекші фактор деп танимыз.
Сонымен қатар, педагогикалық-психологиялық зерттеулерді сараптай келе түрткілерді екі топқа бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |