Зерттеу объектісі: Студенттердің психологиялық даму процесі.
Зерттеу пәні: Болашақ мамандардың психологиялық-педагогикалық даму әрекеті.
Зерттеудің болжамы: Егер, студенттердің іс-әрекеті психологиялық- педагогикалық даму сай жасалса, онда болашақ мамандардың кәсіби-адами құндылық қасиеттерінің сапасы жоғары болар еді.
Зерттеудің міндеттері: Студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерінің теориялық негіздемесін даярлау, зерттеу тақырыбына сай тірек ұғымдардың мәнін ашу.
Зерттеудің негізгі ойы.Ақпараттық ғасырда студенттердің педагогикалық-психологиялық тұрғыдан жан-жақты дамуы компьютер, интернет т.б. жаңа оқыту технологиялары және қазіргі қарым-қатынас құралдарымен тығыз байланысты. Студенттердің бұл ақпаратпен өзін-өзі қамтамассыз ету адамның іскер белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал жалпы айтқанда ғылым мен көзқарасқа түбегейлі әсер етеді. Бұл жағдайда болашақ маманның ақпараттық мәдениетті мен педагогикалық-психологиялық ерекшелігінің қалыптасуы мен жалпы оқу-тәрбие процесінің тиімділігінің артуына бағыттала жүргізіледі.