Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу, психологиялық эксперименттік зерттеу әдістерін (теориялық, эмпирикалық) қолдану, озық тәжірибелерді меңгеру, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау.
Бастапқы мәліметтер:Студенттерге қойылатын талаптар. Қазіргі кездегі болашақ мамандардың психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастырудың эксперименттік негіздері.
Күтілетін нәтижелер: Студенттердің психологиялық-педагогикалық даму процесінің сипаттамасы.
Қазіргі болашақ мамандардың психологиялық дамуерекшеліктерін қалыптастырудың теориялық негіздемесі.
Болашақ мамандардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу әдістемесінің жобасы мен нәтижесі.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде студенттердің психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін анықтауда олардың кәсіби-адами құндылық қасиеттері мен жеке тұлғалық қасиеттерінің мән-мағынасын ашылып, теориялық тұрғыда дәлелденді. Студенттердің психологиялық, педагогикалық, тұлғалық қасиеттерімен іс-әрекет түрлерін зерттеген ғалымдар мен педагог-психологтардың ой-пікіріне сүйене отырып өзіндік тұжырымдама жасалды.
Ал, екінші бөлімде болашақ мамандардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін зерттеп, әдістемелік тұрғыда қолдануға болатынын айқындадық. Әр бөлімді қорытындылап, соңында пайдаланған әдебиеттердің тізімін көрсеттік.