Студенттердіѕ жеке ќасиеттерініѕ дамуын зерттеу жјне ќолдау



бет4/31
Дата07.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#84636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Дип.-СТУДЕНТТЕРДІҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ДАМУ-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МАЗМҰНЫ


Кіріспе ----------------------------------------------------
І ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



    1. Студенттердің даму ерекшеліктеріне педагог - психолог

ғалымдардың ой-пікірлері ----------------------------------



    1. Студенттердің кәсіби-адами құндылық қасиеттерін

қалыптастыру психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері --


Бірінші тарау бойынша тұжырымдама ---------------------------


ІІТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Болашақ педагог-психолог мамандардың даму ерекшеліктерін қалыптастыру жолдары -------------------------------


2.2. Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар.
Екінші тарау бойынша тұжырым ---------------------------------


ҚОРЫТЫНДЫ ---------------------------------------------------


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ------------------------


ҚОСЫМШАЛАР -------------------------------------------------


КІРІСПЕ


Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[1], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”[2],“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[3], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және студенттерге тәрбие мен білім беру іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз ұрпақ тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның педагогикалық- психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде қолданылуы, интернеттің т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мамандардың іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.
Жоғары оқу орындарында студенттердің біліктілігін жетілдіру мен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны жетілдіру арқылы жаңа көзқарас, жаңа ой қалыптасады.
Қоғам талабына сай даму кезеңінде, ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр студент өзінің болашақ ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.
Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс-әрекерт ерекшеліктерімен бейнеленеді.
Студент проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелік категориялары ретінде негізгі еңбектердің бірі Б.Г. Ананьевтің [5] психологиялық мектебі.
Студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерін шет елдік ғалымдардан Н.В. Кузьмина [6], Ю.Н. Кулютк, А.А. Реан, Е.И. Степанова, П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин [7], В.А. Якунин, И.А. Зимняя [8] және т.б. зерттесе, отандық ғалымдар Қ.Б. Жарықбаев [9], С.М. Жакупов [10], З.Ә.Исаева, Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева, М.А. Құсайынова және т.б. ғылыми еңбектерде сарапталып өзіндік тұжырымдама берген.
Бірақ көптеген ғылыми еңбектерді қарастыра келе нақты студенттердің психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін қалыптастыру мәселелері әле де толық зерттелмегеніне көзіміз жетті.
Сондықтан, болашақ маманның психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін қалыптастыру өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Студенттердің психологиялық - педагогикалық даму ерекшеліктері ” -деп таңдауға себепші болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет