а) студенттердің жаңа білімді игеруге және ұғыну тәсілдеріне бағыттау түрткілері:
ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу түрткілері:
Әлеуметтік түрткілер:
а)кең мағынадағы әлеуметтік түрткілер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу);
ә) тар мағынадағы әлеуметтік түрткілер(отбасы, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының арасындағы бедел т.б.);
б) ынтымақтастық әлеуметтік түрткі оқу-тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру. Адам бойында түрткі яғни матив туындаған кезеңде қызығушылық пайда болады.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді де, терең білімді алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары оқушыларда оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Оқу әрекеті баланың дамуының басты шарты, оқушылардың кейінгі саналы өміріне қажетті қызығулардың, түрткілерінің, дағдылардың қалануының негізі болғандықтан, оқыту үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі саналы оқу әрекетін қалыптастыру болып есептеледі. Олай болса, оқу үрдісі баланың әрбір даму кезеңдерінде пайда болатын жетекші әрекетінің сәйкестендіріп, қоршаған дүниені тануға, танымдық қасиеттерін әрекет тәсілдерін меңгеруге, бойындағы қабілеттерін жетілдіруге, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ұмтылдыру қажеттіліктерін туғызады.
Олай болса, мектеп пен оқу орындарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері келесі параграфта қарастырылады.