1.2. Студенттердің кәсіби-адами құндылық қасиеттерін қалыптастыру психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себебті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабарлар болуы керек. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуында кәсіптік іріктеудің мақсаты–мамандыққа жарамдыолығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның еркешеліктерін, мамандыққа қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осығын байланысты күні бұрын профессиограмма жасалады. Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу), мұндай мәліметтер жеке адамның белгілі мамандыққа жарамдығын, психолог, физиолог және медиктердің көмегімен анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығына жеке адамның жарамдылығын анықтау үшін оның басқа қабілеттерімен бірге көру, есту мүшелерін және сөйлеу, психологиялық жағдайы, тіл табыса білуі, есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады.
Кәсіптік бағдар беру жүйесіне кәсіптік диагностика, кәсіптік білім беру, кәсіби кеңес беру, кәсіпті іріктеу, кәсіпке бейімдеу кіреді. Кәсіптік диагностика кәсіптік бағлдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың қабілетін, ынтасын және дайындығын анықтайды. Ол үшін мынандай әдістерді қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекетінің жемісін (жеке іс, сынып журналы)шығармашылық жұмыстарын талдау, практикалық іс-әрекетін, жүріс-тұрысын (мектепте, қоғамдық орындарда, жанұяда, еңбекте) зерттеу; әңгіме- интервью; педагогикалық эксперимент тесттік жүйелер; жинақтау әдісі. Кәсіби кеңес беру мақсаттары:таңдаған мамандыққа, болашақ маманның денсаулығының сәйкестігін анықтау; болашақ маманның таңдаған мамандықты игерудегі психофизологиялық дайындығын білу; еңбекке орналасуы жөнінде ақпарат алу;
Кәсіптік білім беру-бұл кәсіптік өзі тағдырын өзі шешуде студеттердің бойындағы жеке қасиеттерін, қабілеттін, мүмкіншілігін дамыту.Осы орайдан қарастырғанда студенттердің ынтасының, бейімділігінің, жалпы және динамикасына көңіл аударылуы қажет.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып болашақ маман тұлғасын дайындаудың маңызды да өзекті мәселе екені анық. Осы себептен болашақ маман даярлау ісіне мұқияттылық пен терең білімділікті талап етеді. Дұрыс таңдалған мамандық - жарқын болашағымыздың кепілі.
Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейіндегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі шарты болып табылады. Кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу,өзінің жоғары жеке қабілеті мен қажеттігіне жауап беру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орынын тәмәмдау факторы ретінде шешуші ролге ие болып қана қоймай, негізгі өмірлік табысы болып табылады.
Әр түрлі идея адам сенімінің негізі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру. Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші – сенім. Сенімнің тұрақтылығы мен нақтылығы болашақ маман дүниетанымының қалыптасуына негіз болады. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады және жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, әлеуметтік, оқыту мен тәрбие, ақпарат құралдары тағы басқалары жатады. Дүниетаным құрылымы түрі төменгі суретте графикалық түрде берілген. (сурет 2).