Зерттеу мерзімі: 25 сәуір 2007 –10 наурыз 2007 ж
Зерттеудің міндеттері:
18-20 жас (1 курс) және 23-25 жас (4 курс) студнттеріне зерттеу жүргізілді.
Индивидувалды мәліметтерді өңдеу
Зерттеу қорытындысын топтастыру және өзара салыстыру.
Қорытынды.
Студенттердің психологиялық ерекшеліктерінің даму деңгейін анықтау:
Студенттердің даму ерекшеліктерін анықтау - тұлғалық қасиетері үшін, ерекше маңызды, бұл қасиеттер көптеген субьектінің мінез-құлқын шарттандырады. Әсіресе сессия кезеңінде студенттерде мазасыздану процесі басым болады.
Мазасыздану деңгейінің анықтамасы тұлғаның ерекше іс-әрекет табиғи және міндетті белсенділігі. Әр адамның өзіндік белсенділігі, ниеті, үрей деңгейі бұл қажетті мазасыздық деп саналады. Ситуативті және реактивті үрейді күй ретінде субьективтің бастан кешірген эмоцияларымен қысым, мазасыздық, бойкүйездік, самарқаулықпен сипатталынады. Бұл күй стрестік ситуацияға эмоционалды реакция ретінде туындап уақыттың интенсивтілігі мен динамикасының әртүрлілігіне байланысты болуы мүмкін. Тұлға жоғары мазасыздық категорияларына тиісті, өзінің бағалауына, кең деңгейдегі өмір сүру әрекетіндегі диапазондардағы қауіптерді қабылдауға бейім, қысыммен көңіл аударып, мазасыздық күйімен айқындалады. Егер психологиялық тесте зерттелуші тұлғалық мазасыздықтың жоғары көрсеткіш көрсетсе, мұның негізінде әртүрлі ситуацияларда мазасыздық күйі бар компетенттілігін бағалайды. Көптеген белгілі әдістемелерде мазасыздықты өлшеу, тұлғалық мазасыздықты болмаса, мазасыздық күйін арнайы реакцияларда бағалайды. Мазасыздықтың айырмашылығын өлшейтін, тұлғалық қасиетін, күйін анықтайтын Ч. Д. Спилбергер ұсынған әдістеме. Орыс тіліне оның шкаласын бейімдеген Ю. Ханин. Спилбергтің өзіндік бағалау шкаласы 40 сұрақ пікір, 20 оның ситуативті мазасыздықты бағалауға, 20-тұлғалық мазасыздыққа арналған.
Жұмыстың реті: Зерттеу жұмысын жеке немесе топқа жүргізуге болады. Зерттеуші зерттелінушілерге нұсқауға сәйкес жауап беруді ұсынады, зерттелінушілер өз бетінше жұмыс істеуі тиіс. Әр сұраққа интенсив дәрежесіне орай төрт жауап мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |