Тұлғаның А типін диагностикалайтын тест Тұлғаның А типін диагностикалайтын тест. Негізін салушылар Майер Фридман және Розенман. Тұлғаның қауіптілік көрсеткішін анықтайды. Тип А - қалыпты жағдайда қорқыныш қалыптасқан. Олар бір істен екінші іске асығып ауысады, қауіптенушілігі басым, басқа адамдарға сенімсіз. Жеке ерекшеліктеріне байланысты сипаттама беріледі. Жалпы сұрақ саны 16.
Жұмыстың реті: Зерттеу жұмысын жеке немесе топқа жүргізуге болады. Зерттеуші зерттелінушілерге нұсқауға сәйкес жауап беруді ұсынады, зерттелінушілер өз бетінше жұмыс істеуі тиіс. Берілген сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап беру керек.
Стьюдент әдісі. Стьюдент әдісі тәуелді және тәуелсіз топтарға арналған жеке есептеу тәсілдерін ұсынады. Стьюдент әдісінде сандық шамалармен жұмыс істелінеді. Тәуелсіз таңдау тобы көрсеткіші-бұл әртүрлі екі топтан алынған мәліметтер. Тәуелді таңдау тобы мәліметтері – бұл біри ғана топтың эксперименталды әсерге дейінгі және кейінгі көрсеткіштері. Стьюдент әдісі екі таңдау тобы көрсеткіштерінің ортаңғы мәндерінің арасында айырмашылықтың болуы немесе болмауы жөніндегі гипотезаны анықтауға бағытталған. Тәуелсіз таңдау тобы үшін орта мәннің айырмашылығын есептеуде мына формула ұсынылады: