Студенттердіѕ жеке ќасиеттерініѕ дамуын зерттеу жјне ќолдау



бет29/31
Дата07.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#84636
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Дип.-СТУДЕНТТЕРДІҢ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ДАМУ-ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

Біз зерттеуімізге нысана етіп алған,студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері мәселесін зерттей келе төмендегідей қорытындыға келдік:


философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге сүйене отырып, студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерінің мәні мен оның қазіргі кезеңдегі орнын айқындап, онықалыптастырудың мүмкіндіктерді анықтадық;
Студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерін шет елдік ғалымдардан Н.В. Кузьмина [6], Ю.Н. Кулютк, А.А. Реан, Е.И. Степанова, П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин [7], В.А. Якунин, И.А. Зимняя [8] және т.б. зерттесе, отандық ғалымдар Қ.Б. Жарықбаев [9], С.М. Жакупов [10], З.Ә.Исаева, Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева, М.А. Құсайынова және т.б ғалымдарымыздың еңбектерінде қарастырылып, зерттеу мәселесі бойынша басқа да ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы бұл мәселенің ғылыми тұрғыда қажет екенін нақтыладық;
біз зерттеуімізге нысана етіп алған студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерінзерттеуде біршама жұмыстар жасалды. Алғашқы бақылауымыз барысында зерттеушілердің бос уақытын қалай өткізетіндеріне мән бермейтіндігін, университет көлемінде алғашқы курс студенттерімен және жоғары курс студенттерне сабақтан тыс уақыттарда эксперименттік жұмыстарды жүргіздік;
оқытудың дәстүрлі жүйесінде студентке берілетін білім мен білік, іскерлік пен дағдыны меңгеру көзделсе, қазіргі оқытудың жаңа технологиясында бұған қоса әрбір оқушының өзін-өзі дамытып, тұлғалық “Мендік” танымын қалыптастыру өріс алып отыр. Демек, оқыту үрдісіндегі білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, тұлғаға берілген білімнің өмірге үйлесімділігімен қатар, әрбір оқушының дербес ерекшелігін ескеріп, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау негізгі шартқа айналуда. Осыған орай тұлғаның танымдық түсінігін жетілдіруде, оның мотивтік амал—тәсілдерін аша түсу - қызығушылықты арттыруда бірден бір себеп екенін айқындадық;
психология мен педагогиканың іс-әрекет теориясы – таным, ілімі тұрғысынан қызығуға байланысты ұғымдар жүйесінің ара қатынасы, мағынасы ашылды;
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүргізе отырып, студенттердің білім мен тәрбиелік деңгейінің бастапқы дамыту және бекіту кезеңдерін салыстырғанда танымдық қызығушылықтары мен білімдік-тәрбиелік деңгейлерінің өскені байқалды. Сонымен қатар психологиялық ерекшеліктерінің даму себептері: қажет, түрткі, ниет, тілек, ынта, ықылас т.б. қасиеттер танымдық қызығушылықты құрайтыны туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар студенттер бойына білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, дағдыны қалыптастыру жолдары да аталып өтілді.
Демек,студенттердің психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыруда ізденуіне ілгері еңбектенуі не қаншалықты әсер еткендігі және оның пайымдық жетілдіру жолдары:

  • жаттығу;

  • машықтану;

  • өзін-өзі әзірлеу;

  • өзін-өзі басқару;

  • өзін-өзі сендіру;

  • білуге құштарлық

тұрақтылық және т.б. толықтай қамтылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет