Сурет 3 Студент жоғарыда ұсынылған (сурет 3) байқағанымыздай әрбір тұлға өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін жетілдіру арқылық кәсіби-адами құндылық қасиеттерін бойына дарыта алады.
Студенттік кез-бұл ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл әлеуметтік-кәсіби категория XІ-XІІ ғ.ғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихи құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен, болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасғандығымен сипатталады, бұның өзі кәсіби таңдаудың дұрыстығының, студенттің таңдап алған мамандық жайлы ойының барабарлығы мен толықтығының мәні болып табылады. Соңғысы мамандық қоятын талаптар мен кәсіби іс-әрекеттерін білуді қамтиды. Зерттеулер нәтижелерінің көрсетуінше, студенттердің мамандық жайлы елестетулер деңгейі (біркелкі және біркелгі емес) оның оқуға деген қатынасының деңгейімен теңестіріледі: студент мамандық жайлы неғұрлым аз білсе, соғұрлым оның оқуға деген қатынасы жағымсыз болды. Ал, әлеуметтік-психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым жоғары деңгеймен және танымдық мотивацияның жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Сонымен бірге студенттік шақ - әлеуметтік қауым, яғни ол аса жоғары әлеуметтік белсенділікпен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипаталады. Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу- оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының негізінде жатыр. Тұлғалық, іс-әрекеттік тұрғыдан студент белсенді, өз іс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық өзара әрекеттесу субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және коммуникативтік (біліктілік) белсенділіктің нақты, кәсіби бағдарланған міндеттерін орындау ерекше бағыттылық тән. Студенттік кез үшін оқытудың негізгі формасы таңбалық-контекстік болып табылады. (А.А. Вербицкий). Студенттік кезді әлеуметтік-психологиялық сипаттау үшін маңыздысы- адам дамуының осы кезеңінің қалыпты экономикалық тұрақтылықтың қалыаптасуымен, ата-аналық үйден кетіп, өзінің отбасын құруымен байланысты болуы. Студенттік кез- адамның, жалпы тұлғаның қалыптасуының, сан алуан қызығушылықтардың көрінулерінің орталық кезеңі. Бұл спорт рекорттарын орнату, көркемөнер, техникалық және ғылыми жетістіктерге жету, адамның болашақ (қайраткер), кәсіпкер ретінде қарқынды және белсенді әлеуметтену уақыты. Осыны оқытушы оқу іс-әрекеті мен жоғары оқу орнындағы педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру мазмұнында, проблематикасында және тәсілдерінде есепке алады. Студенттік негізгі еңбегі оның шығармашылық қабілеті арқылы дамиды. Оған студенттің өзіндік шығармашылық жұмысы, (СӨЖ, СОӨЖ) тапсырмаларын орындау арқылы да психологиялық даму ерекшеліктері байқалады. Қоғамда болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық ұсыныстар толық білім жүйесіне күмәнсіз қатысты. Осы орайда ҚР-ның жоғары оқу орындарындағы білікті мамандар даярлаудағы кәсіби дайындық деңгейі мен қазіргі заманға лайықталынған жағдайда өздігімен ойлай және жұмыс істей алу үлкен маңызға ие. Жалпы мамандарды даярлауда СӨЖ-ның орны ерекше. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарындағы барлық ғылыми сабақ түрлері студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыстарының дағдылары мен түрлі өзіндік жұмыстарға ынталандыру үшін құрастырылынған. Жоғары оқу орындарындағы білікті мамандар дайындау, оқу-тәрбие процесінде толық факторлар қатарын құрайды. Осы факторлар ішінде профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастырып, бағыттап және қадағалап отыратын СӨЖ маңызды орынды алады. Аталмыш жұмыстың қалай ұйымдастырылуы, жас маманның күрделі сұрақтарды өзіндік шеше білуімен және білімінің тереңдігімен беріктігіне байланысты. Өзіндік жұмыс астарынан, білімді іздеудегі ой қортындылауды, оны бекітуді, дағды мен іскерліктің дамуын және білімді жалпылау мен жүйелеуді, арнайы уақыт бөлінген дидактикалық мақсатты орындау барысындағы оқытушылар ұйымдастырған студенттердің белсенді әркетін түсінуге болады. Өзіндік жұмыс дидактикалық құбылыс ретінде, бір жағынан, студенттің әрекет объектісімен оның міндетті түрде орындау қажет оқу тапсырмасын көрсетсе, екінші жағынан, сәйкестендірілген әрекеттің пайда болу формалары: студенттердің тапсырманы орындау барысындағы есі, ойлауы, шығармашылық қиялы оны жаңа жетілген білімді меңгеруге немесе меңгерген білімінің тереңдеуі мен кеңеюіне алып келеді. Студенттің өзіндік жұмысы бұл оқытудың құралы, ол төмендегі көрсетілгендерден тұрады:
белгілі бір танымдық тапсырмаларды шешудегі студент білімінің көлемі мен деңгейі, дағдысы мен іскерлігі әрбір белгіленген кезеңде қалыптасып отырады.
жаңа танымдық тапсырмалар шешуде студенттер өз білімінің жүйелік қорындағы психологиялық құрылымын және үлкен ағыстағы ғылыми әрі қоғамдық ақпараттарды бағдарлай біледі.
мақсаты мен міндеттері:
негізгі мақсат – студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
мақсатқа сәйкес келесі тапсырмалар қатары:
студенттерді өздігімен білім алудағы қызығушылық пен қажеттілікке тәрбиелеу.
шешім қабылдаудағы танымдық мүмкіндіктердің, инициативаның, шығармашылық ойлаудың дамуы.
өзіндік жұмыс кезінде белгілі бір мақсат пен тапсырмаларды шешу және қоя білуді қалыптастыру.
тәсілдерді қолданудағы зерттеу дағыдыларын сіңіру және өзіндік жұмыстың тәсілдері мен ұйымдастыру формасы.
студенттердің оқу материалдарын таңдау және анализдеу қабілетін дамыту. Психология-педагогикалық ғылымда білімді өздігімен меңгеру ақыл дамуының бірден-бір көрсеткіші. Өзіндік жұмыс барысында студенттердің интеллектуалды белсенділігін қалыптастыруға үлкен мүмкіндік бар.
коллоквиум мен семинарларда өз көзқарасын білдіру;
конспектілеу, тезистер құрастыру, аннотациялар жасау, шығармалар, рефераттар, пікірлер жазу;
көрнекіліктер дайындау т.б.
Студенттердің өзіндік жұмысы оқу процесінің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл жұмысты әрекетке айналдыру өз білімін жетілдіру үшін, ұйымдасқан педагогикалық бағытты студенттің интеллектуалды белсенділігіне айналдыру. Білімге ұмтылу және өзіндік білімін жетілдіру, белгілі дәрежеде тұлғаның келешектегі мақсатты нұсқауы. Оқытудың жетістігі оқытушыға тәуелді, дегенмен, студенттердің қалай жұмыс жасауы да жетімсіз дәрежеде болмауы тиіс. Студенттердің кәсіби қабілетімен, психологиялық даму деңгейін қалыптастыруда төмендегідей сабақ түрлері арқылы, педагогикалық талаптар қойылады.