Студенттерге арналған пән силлабусы
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
|
Пәннің коды
КТОӘ-3203
|
Кредит саны
5
|
Курс, семестр
3
5
|
Мамандық атауы
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
Мамандық шифры
5В011700
|
кафедра
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика
|
факультет
Тарих, филология және халықаралық қатынастар
|
Пәнді өткізу уақыты және орны оқу кестесі бойынша, № ___ оқу ғимараты 1-15 апта
|
Кеңес беру уақыты - оқу кестесі бойынша
|
Рейтинг кестесі (семестр аптасы) 7-апта, 15-апта
|
Айтмукашова Аида Айтмукашовна – ф.ғ.к., доцент
|
Байланыс ақпараты (телефон, e-mail) 87751477068, Е-mail: aida_ayt@ mail. ru
|
Оқытушының қолы
|
Кафедра меңгерушісі Касенов С.Т.
|
2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
Пәнді оқытудың мақсаты – қазіргі лингвистика, педагогика, психология және әдістеме ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, болашақ маманды тілді меңгертудің әдіснамалық, ғылыми-теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесін үйрету, кәсіби құзыреттілік деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған,теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлау.
Студенттердің қазіргі қазақ тілінің негізгі салалары мен әдістемесінен алған теориялық білімдерін тереңдетіп, іс-тәжірибе жүзінде бекіту, қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Қазақ тілін оқытып, үйретудің теориясы мен әдістемесін әлеуметтанымдық, педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық тұрғыдан қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |