Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар / Календарно-тематический план



бет4/30
Дата18.12.2022
өлшемі111,82 Kb.
#163113
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
силлабус дене мәдениеті

5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар / Календарно-тематический план



Пән тақырыптарының аталуы

Апта

Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағат саны

Сабақ түрі бойынша аудиторлық емес сағат саны

Барлығы
(сағ)

Дәріс (сағ.)

Пр/сем./зертх./
студ саб (сағ.)

БОӨЖ (сағ.)




БӨЖ (сағ.)






1

Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері
.

1

2

1

3

Конспект, слайд

5

Слайд, конспект,сұраққа жауап




2

Дене тәрбиесі және спорттың амалдары.



2-3

3

1

3

Слайд.конспект,сұраққа жауап

5

Слайд, конспект,сұраққа жауап




3

Дене тәрбиесі және спорттың әдістері.
1. Әдістерді топтау.
2. ДТ жалпы әдістері.
3. ДТ арнайы әдістері.

4-5

3

1

3

Доклад. Конспект

5

Конспект сұраққа жауап.




4

Дене тәрбиесі және спорттағы қозғалысқа үйрету және оның қағидалары.

6

4

1

3

Конспект сұраққа жауа.
Сараптама

5

Слайд. Конспект.
схема




5

Дене қуаты қасиеттері және оны дамыту әдістемесі.



7

3

1

3

Дене қуаты қасиеттері, түрлері лайд. Конспект.
Схема

5

Доклад.Слайд. Конспект.
Схема




6

Сабақ - мектептегі негізгі оқу түрі
.

8-9

3

2

1

Сабақ жоспарын құрастыр

5

Конспект . схема




7

Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық бақылау, бағалау.



10

3

2

3

Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықта



5

Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы.
Слайд№конспект




8

Мектептегі дене тәрбиесі жұмысын жоспарлау.

11-12

3

2

2

Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспарын жаса

5

Тоқсандық және әрсабақтық оқу жоспарын құрастыр




9

Дене тәрбиесі жұмысындағы бақылау және есепке алу.


13

3

2

3

Конспект? Слайд.схема

5

. Бақылау және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыруға конспект. слайд




10

Мектептегі сыныптан, мектептен тыс және күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру.



14-15

3

2

3

Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлауды жаса

5

Сыныптан тыс жұмыстарұйымдастыру ө конспект. схема









Барлық сағат саны




30

20

25




75




150




Ағымды бақылау\Текущий контроль

Тест



















3


Дәрістік кешен
1 бөлім . Дене мәдениетінің теориялық негіздері
Глоссарий:
Дене мәдениеті – адамдардың дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы . Материалдық байлықтар - спорт сарайлары, стадиондар, бассеиндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал жабдықтар. Рухани байлықтар - дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар.
Дене мәдениетінің бағыттары; негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті және жеке басылық дене мәдениеті.
Негізгі дене мәдениетінің міндеттері - біріншіден адамдардың өмірге керек қимылының шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруы, дене қуаты қасиеттерінің деңгейін дамытуы, екіншіден осы жинақтаған қасиеттерді (базаны, негізді) адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т,б.) қолдануы. Негізгі дене мәдениеті жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу - тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі сабақтары, әртүрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі.
Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты, спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту.
Қолданбалы дене мәдениеті кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл - әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын (әскери де, азаматтық та) жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.
Сауықтыру дене мәдениеті – емдік және денсаулық нығайту дене мәдениеті деп бөлінеді. Емдік дене мәдениетінің мақсаты адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Денсаулық нығайту дене мәдениеті – денсаулықты нығайтуға, жаттығушылар ағзасының жұмыс істеу қабылетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (сергіту сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары) күнделікті тұрмыста (таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттықтыру сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.
Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.
Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді. Жалпы дене қуаты дайындығы –жалпы әртүрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз – арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әртүрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.
Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.
Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.
Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру


Дәріс 1: «Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні – оқу және ғылыми пән».
Дәрістің мақсаты: студенттерге дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәнінің мазмұны мен құрылысы, негізгі ұғымдар туралы теориялық мәліметтер беру.
Тақырыптың сұрақтары:

  1. ДМжСТмӘ пәнінің мазмұны мен құрылысы.

  2. ДМжСТмӘ-нің негізгі ұғымдары.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Бұл пән - дене тәрбиесі маманының кәсіптік білімінің деңгейін көрсететін негізгі пән. Ғылымдық және тәжірибелік мәліметтерді жинақтай отырып бұл ілім адамның дене тәрбиесі үрдісін басқару заңдылықтарын белгілейді, мамандарға дене тәрбиесі мен спорт саласында керекті білім береді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады:
1. Дене тәрбиесі теориясының жалпы негіздері – дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі амалдарына, әдістеріне, дене қуаты қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т. б дене тәрбиесінде кездесетін әртүрлі мәселелерге терең ғылыми теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесі тәжірибесінде қалай пайдалану керек екенін оқытады.
2. Дене тәрбиесінің әдістемесі - әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарлауды, ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педагогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.
3. Спорт теориясы мен әдістемесі - жаттықтыру өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әртүрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әртүрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: «Дене тәрбиесі», «Спорт», «Дене қуатының реабилитациясы», «Дене қуатының рекреациясы», «Дене қуаты дайындығы», «Дене қуатының жетілуі», «Дене қуаты білімі», «Дене дамуы».
Өзін-өзі бағалауға тапсырма:

        1. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері пәні, оның маңызы.

        2. Дене мәдениеті, оның бөлімдері.

        3. Дене мәдениетінің қызметтері.

        4. «Дене тәрбиесі», «дене қуаты дайындығы » дегеніміз не?

        5. «Спорт» дегеніміз не ? Ол қандай бөлімдерге бөлінеді?

        6. «Дене дамуы », «Дене қуатын жетілдіру» деген ұғымдарға жауап беріңіз

Әдебиет: негізгі [1-7]
қосымша [1,6]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет