Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат



бет5/30
Дата18.12.2022
өлшемі111,82 Kb.
#163113
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
силлабус дене мәдениеті

Дәріс 2: Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі.
Дәрістің мақсаты: студенттерге Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі, мазмұны, негізгі бағыттары, ұйымдастыру жүйесі туралы мәліметтер беру.
Тақырыптың сұрақтары:

  1. Дене мәдениеті жүйесінің мақсаты мен міндеттері.

  2. Дене мәдениеті жүйесінің негіздері.

  3. Дене мәдениеті жүйесінің негізгі бағыттары.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, нормативтік-бағдарламалалық негіздердің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер.
Дене мәдениеті жүйесінің басты мақсаты – күш қуаты мықты, жан – тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан–жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:
1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту. 3. Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Дене мәдениеті жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік–экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама–нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді. Дене мәдениеті жүйесінің бағдарлама – нормативтік негізіне жататындар: дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламалары, президенттік сынама, мемлекеттік спорттық классификация.
Дене мәдениеті жүйесі. Республикамызда мемлекеттік, қоғамдық және жеке дербес негізде үйымдастырылады. Дене мәдениеті жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене дайындығы, кәсіптік қолданбалы дайындық, спорттық дайындық.
Өзін-өзі бағалауға тапсырма:

  1. Дене мәдениеті жүйесі, оның мақсаты, міндеттері.

  1. Дене мәдениеті жүйелерінің негіздері.

  2. «Президенттік сынама» - адамдардың дене қуаты деңгейін анықтайтын негізгі сынақтар жиынтығы.

  3. Дене мәдениеті және спорт жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.

  4. Дене мәдениеті жүйесінің бағыттары.

Әдебиет: негізгі [1-7]
қосымша [1,4]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет