Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат



бет9/30
Дата18.12.2022
өлшемі111,82 Kb.
#163113
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
силлабус дене мәдениеті

Дәріс 6: Қимыл - әрекетке үйрету
Дәріс мақсаты: қимыл - әрекетке үйрету кезеңдерін оқу, үйрену.
Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі, оның теория бөлімі.

  2. Дене тәрбиесі және спорт тәжірибесіндегі қимыл-әрекеттердің техникасын үйрету кезеңдері.

  3. Қимыл-әрекетін таныстыру кезеңі.

  4. Қимыл - әрекетіне үйрету кезеңі.

  5. Қимыл-әрекетін жетілдіру кезеңі.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесінің қимыл- әрекетке үйрету, қалыптастыру, меңгеру, жетілдіру үрдісі. Ол үш кезеңге бөлінеді. Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогикалық қағидалармен (жүйелілік, ұғынықтылық т.с.с.) анықталады, оқу мақсатына, оқушылар тобының ерекшеліктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді. Олар: дене тәрбиесінің әлеуметтік керектігі туралы (денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттілікті арттыру т.б.), дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережелері туралы (футбол, баскетбол, волейбол ойындарын ойнау ережелері және т.б.), медициналық – биологиялық (дене гигиенасы, шынығу, ұйықтау, тамақтану, жаттығу режимдері туралы баяндаулар, әңгімелер), үйрететін қимыл – қозғалыс техникасы туралы мағлұматтар. Теориялық мағлұматтар алу көздері: қимыл тәжрибелілігі, арнайы оқулық, сөз және көрнекі қабылдау әдістері, мұғалімнің әрекеті, кино және бейнефильмдер көрсету т.б.
Нақтылы дене тәрбиесі және спорт тәжірибесінде қимыл-әрекеттердің техникасын үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру, үйрету және жетілдіру.
Қимыл-әрекетін таныстыру кезеңі. Бұл кезеңнің міндеті – оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру және соны үйренуге ынтасын ояту. Түсіну, ұғыну үрдісі қалыптасу кездерінде бір-біріне байланысты, сабақтасты үш кезең пайда болады: 1. Үйрену міндеттерін ұғыну. 2. Орындау жобасын кұру. 3. Жаттығуды орындап көру. Қимыл-әрекетке таныстыру кезеңінің негізгі әдістері: Тұтас және бөлшектеп үйрету әдістері. Сөз қолдану әдістері: түсіндіру, баяндау. Көрнекі қабылдау әдістері: қимыл- әрекетті көрсету, көрнекі құралдар қолдану ж.т.б.
Қимыл - әрекетіне үйрету кезеңі. Бұл кезеңнің міндеттері, оқушыларға техника негізін үйрету, оны тұрақты орындауға жеткізу және осылар арқылы қимыл шеберлігін қалыптастыру. Оқушының әрбір жаттығу техникасы бөлшегіне ықылас сала орындайтын қимыл әрекетін қимыл шеберлігін дейміз. Құрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі бөлімге бөлінеді: 1. Қимыл шеберлігін қалыптастыру. 2. Қимыл шеберлігін жетілдіру.
Қимыл-әрекетін жетілдіру кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты – қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл шеберлігіне жету. Жаттығуды көп қайталағаннан соң қимыл шеберлігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы деп- жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз. Жоғары қозғалыс шеберлігі дегеніміз қалыптасқан қимыл дағдыларын нақты өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік, әскери әрекеттер). Жоғары қозғалыс шеберлігі үйрету үрдісінің соңғы межесі.
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:

  1. Қимыл-әрекетіне үйретудің кезеңдерін атаңыз.

  2. Қимыл әрекетіне таныстыру кезеңін сипаттаңыз.

  3. Қимыл әрекетіне үйрету кезеңін сипаттаңыз.

  4. Үйрету кезеңінде кезігетін қателер.

  5. Қимыл әрекетін жетілдіру кезеңін сипаттаңыз.

  6. Жоғары қимыл ептілігі.

  7. Қимыл-әрекетіне үйрету кезеңдерінде қолданылатын әдістерді атаңыз.

Әдебиет: негізгі [1-7]
қосымша [2,4,6]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет