Студенттердің білімдерін бағалау
5-Кесте
Баға
|
Әріптік эквивалент
|
Рейтингтік балл
(пайызбен %)
|
Балмен
|
Өте жақсы
|
А
А-
|
95-100
90-94
|
4
3,67
|
Жақсы
|
В+
В
В-
|
85-89
80-84
75-79
|
3,33
3,0
2,67
|
Қанағаттанарлық
|
С+
С
С-
D+
D-
|
70-74
65-69
60-64
55-59
50-54
|
2,33
2,0
1,67
1,33
1,0
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0-49
|
0
|
1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
Студенттер міндетті түрде сабаққа қатысуы керек. Қатыспаған сабақтарын жұмыспен өтеу қажет. Практикалық және өзіндік жұмыстарын, ағымдағы бақылау түрінде уақытында тапсырулары керек. Уақытында тапсырылмаған жұмыстар ағымдағы бақылаудың балын азайтады. Аралық бақылау тест түрінде жоспарланган және оқу процесінің күнтізбелік графигі бойынша орындалады.
2. НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Тақырып атауы
|
Академиялық сағат саны
|
Дәріс
|
Тәжірибелік
/ семинар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1. Мұнай және газ геолиясының негіздері
|
2
|
1
|
3
|
3
|
2. Мұнай мен газдың физикалық қасиеттері
Геологиялық барлау жұмыстарының түрлері және кезеңдері.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
3. Іздеу және барлау жұмыстарының кезеңдері
|
2
|
-
|
3
|
3
|
4.Мұнай және газ ұңғыларың бұрғылау.
|
2
|
2
|
3
|
3
|
5. Ұңғыларды аяқтау (жұмыстың бірінші үш түрі)
|
2
|
1
|
3
|
3
|
6. Ұңғыларды аяқтау (жұмыстың соңғы үш түрі)
|
2
|
-
|
3
|
3
|
7. Қабатқа әсер ететін күштер. Мұнай және газ кеніштерін игеру режимдері
|
2
|
2
|
3
|
3
|
8. Мұнай және газ кен орындарын игеру
|
2
|
-
|
3
|
3
|
9. Қабатқа әсер ету арқылы мұнай кен орындарын игеру.
|
2
|
2
|
3
|
3
|
10. Мұнай және газ ұңғыларын пайдалану тәсілдері.
|
2
|
-
|
3
|
3
|
11. Терең сорапты қондырғымен пайдалану тәсілі
|
2
|
3
|
3
|
3
| 12. Ұңғы өнімділігін арттыру әдістері | 2 | 1
| 3 | 3 | 13. Мұнай және газды кәсіпшілікте жинау және дайындау | 2 | 1
| 3 | 3 | | 2 | 1 | 3 | 3 | 15. Мұнай мен газды өңдеу. | 2 | - | 3 | 3 | Барлығы (сағат саны) | 30 | 15 | 45 | 45 |
2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
1 - Модуль
№1-дәріс. Мұнай және газ геологиясының негіздері. Тау жыныстарының топтамасы, тау жыныстарының коллекторлық қасиеттері, кеніш және кен орны туралы түсінік.
Минералдар - жер қабығындағы физика-химиялық табиғи процестерден пайда болған өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты болатын қосындыларды атайды.
Тау жыныстары – бір немесе бірнеше минералдардан құралған жер қабығындағы геологиялық денелерді атаймыз.
Жаратылу тегіне байланысты тау жыныстары магмалық, шөгінді және метаморфтық деп үш үлкен топқа жіктеледі.
Магмалық тау жыныстары - жер қойнауындағы болатын силикатты балқыма-ерітіндінің (магма) жер бетіне жетіп (лава ) қатаюынан немесе жер қойнауында кептеліп кристалдануынан пайда болатын тау жыныстарын атайды. Магмалық жыныстар көбіне кристалды құрылымды болып, нығыз қатты біркелкі массивтер түзеді. Олардың үлгісі ретінде тереңде кристалданған гранитті, немесе жер бетінде төгілген базальтты айта аламыз.
Шөгінді тау жыныстары - жер бетіндегі су бассейндерінің түбінде органикалық және органикалық емес заттардың шөгуінен пайда болады. Байырғы жыныстардың экзогендік процестер әсерінен бұзылған түйіршіктері мен жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтары біртіндеп шөге келе қабаттар түзу арқылы шөгінді тау жыныстарын қалыптастырады. Шөгінді тау жыныстары жаралу тегінде байланысты үгінді (механикалық шөгінділер), химиялық (хемогенді), органогенді және аралас топтарға жіктеледі.
Метаморфтық тау жыныстары – шөгінді және магмалық типті тау жыныстарының тереңге батып өзгеруінен жаралған жыныстарды атайды. Өскен температура мен қысым әсерінен бұрынғы нығыз, сом магмалық жыныстар тақталанып, ал шөгінді жыныстар кристалл құрылымды жынысқа көшуімен тау жыныстары әжептеуір өзгерістерге ұшырап, жаңа қасиеттерге ие болады. Көптеген метаморфтық жыныстардан кварциттерді, мәрмәрді, әртүрлі тақтастарды, гнейстерді атаған жөн.
Шөгінді тау жыныстарының ең басты көрінісі олардың бір-бірімен үнемі параллел, немесе параллелге жақын орналасуы. Оны жыныстың қаттасуы дейді. Жыныс қабаттары бір-бірінен құрамы, құрылысы, түзілімі және түсі арқылы ажыратылады.
Шөгінділердің жеке қабаттары (тастары) бір-бірінен қаттасу шектерімен ажыратылады. Қабаттың төменгі межесін оның т а б а н ы дейді, үстіңгі шегін оның ж а б у ы дейді. Ендеше, астыңғы қабаттың жабуы үстіңгі қабаттың табаны болғады.
Шөгінді жыныстардың әуелгі пішіні біркелкі жыныстардан түзіліп горизонталь қабаттарда жатады. Дегенмен кейіннен жер қабығында дүркін-дүркін өтетін қозғалыстар әсерінен шөгінді жыныстардың горизонталь жатуы бұзылады да, қабат әртүрлі еңкіш бағытта құлайды. Көлбеу құлаған қабаттың қалыңдықтарын нақтылы, горизонталь және тік бағытта өлшейді.
Қабаттың н а қ т ы л ы қ а л ы ң д ы ғ ы деп кез-келген нүктеден оның жабуынан табанына түсірілген перпендикулярдың ұзындығын атайды (1 сурет, АС).
Қабаттың г о р и з о н т а ль қ а л ы ң д ы ғ ы осы бағыттағы жабуы мен табаны арасындағы сызықтың ұзындығымен өлшенеді (1 сурет, АБ).
Қабаттың ті к қ а л ы ң д ы ғ ы – кез-келген нүктеден тік бағыттағы жүргізілген табан мен жабу арасындағы сызықтың өлшемі (1 сурет, АД).
Жер астында болатын процестер әсерінен жер қабығындағы қозғалыстар үш түрге бөлінеді: тербеліс, қатпар құрушы және жарылыс. Алдыңғы екі қозғалыстардан тау жыныстарының қабаттары иіліп, майысады, ал үшіншісінен жыныс қабаттары сынып, жарықшақтанады.
Т е р б е л і с қ о з ғ а л ыс т а р д а н жер қабығының жеке аймақтары тік бағытта төмен құлдырайды немесе жоғары көтеріледі. Тербеліс қозғалыстары қай заманда болсын ұдайы өтіп тұрады. Бұлардың нәтижесінде шөгінді қабаттар аздап майысып, горизонталь жатқан қабаттар өздерінің горизонталь жатысын жоғалтып, өте жатық ойыстар (синеклизалар) мен көтерілімдер (антеклизалар) құрайды. Олар ішінара тағы да кішігірім ойыстар мен көтерілімдерге тап болады.
1 сурет. Еңкіш жатқан қабат.
Қ а т п а р л ы (пликативті) қ о з ғ а л ы с т а р нәтижесінен қатпарлар түзіледі, яғни қабаттар толқын тәрізді иілімдер құрайды (1 сурет).
Осы иілімдердердегі тау жыныстарының жасына қарай қатпарларды екі түрлі атайды. Егер өзегінде жас жыныстар, қанатында көне жыныстар жатса қатпарды с и н к л и н а л дейді. Оның майысуы төмен қарайды да, қанаттарындағы қабаттар бір-біріне қарай беттеседі. Ал егер өзегі көне қабаттармен толып, қанаттарында жас қабаттар жатса ондай қатпарларды а н т и к л и н а л деп атайды. Оның майысу доғасы жоғары қарайды да, қанаттарындағы қабаттар кері жақтарға құлайды. Жапсарлас антиклинал мен синклинал бірігіп т о л ы қ қатпар құрайды.
Жарықтар (дизъюнктивтік) деформациялар кезінде жердің ішкі күштерінің салдарынан қабат жарылып кетеді. Содан пайда болған жарықты бойлап қабаттың екі қабаты бір біріне жылжиды. Жарықтың өзімен қоса бұл жерде лықсыма, ығыспа, жылыспа, бастырма түрлері болады.
Жоғарыда айтылған деформациялар бірігіп жер қыртысының алғашқы құрылымы мен жер бетінің бедерінің өзгертуіне әкеледі. Жер қыртысында әлденеше геологиялық құрылымдар пайда болады, олардың ішінде ең ірілері платформалар мен геосинклиналдар (қатпарлы құрылымдар).
П л а т ф о р м а л а р - жер қабығының негізгі тектоникалық құрылымы. Оларға негізінде шамалы амплитудадағы тербеліс қозғалыстары тән, себебінен өзінің байырғы құрылымын кілт өзгерте алмайды. Платформалар екі үлкен қабаттан құрылады. Төменгі қабаты күшті метаморфталған, бұзылған өте көне (докембрий) жыныстардан құралады, ал үстіңгісі одан жас фанерозойдың жыныстарынан түзіледі.
Г е о с и н к л и н а л – жер қабатының ең қозғалысты аймақтары. Сондықтан олар қалың (бірнеше мың метр) әртекті жыныстар қабаттарынан құралады. Геосинклиналдар даму жолында екі сатыдан өтеді. Алғашқы сатысында ол өркенді төмен майысқан теңіз бассейнінің табаны болады да онда әртүрлі шөгінді және вулканды жыныстар үймелейді. Екінші сатысында геосинклиналдар қатпарланып, жоғары көтеріліп таулы қатпарлы жүйеге айналады. Мысалы – Орал, Сарыарқа, Кавказ, Қырым, Копет-Даг. Геосинклиналдар қазіргі кезде де дамуда. Осындай даму үстіндегі ретінде Жапонның Камчатка-Курил аралдарын және олармен жапсарлас теңіздің терең науаларын айтамыз.
Кеуектілік. Тау жыныстарының арасындағы барлық қуыстардың аумағын ақиқаттық немесе теориялық кеуектілік деп атайды. Жыныс арасындағы қуыстарды қосқандағы қосынды көлемін алынған жыныстың сыртқы аумағына қатынасы кеуектілік коэффициенті деп аталады. Ол былай табылады:
(1)
Достарыңызбен бөлісу: |