Студенттің ПӘндік



бет4/44
Дата20.10.2022
өлшемі5,66 Mb.
#154120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
documents mx umk-ongd-kaz-gotovyy-tau-poslednij

Kк – жыныстың кеуектілік коэффициенті; Vк – жыныстың (үлгінің) қуыс көлемі; V – сол жыныстың (үлгінің) аумағы.
Кеуектіліктің проценттік мағынасын табу үшін 1 формула арқылы табылған мағынаны 100-ге көбейту керек:


(2)

мұндағы: kк – жыныстың кеуектілік проценті.


Қуыс-кеуектердің мұнайға, суға, газға қанығуы және олардың қуыс қаналдарымен жылжуы қуыстың аумағына байланысты. Көлденеңі ірілеу қуысқа сұйық оңай кіреді де ол тартылыс күшінің әсерінен кеуектің саңлауларымен әжептеуір жылжиды. Майда кеуектерге (капилляр кеуектер) сұйықтың енуі үшін күшті қысым керек болғандықтан сұйықтың кеуектік қаналдармен жылжуы қиынға түседі.
Өткізгіштік. Шөгінді тау жыныстарының өз бойынан қысыммен сұйық (мұнай, су) пен газ өткізу қасиетін өткізгіштік деп атайды. Өткізгіштік – тау жыныстарының коллекторлық сипаттамаларының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Өткізгіштік жыныс ішіндегі сұйықтың көлемін сипаттамайды; ол тек қана сұйық пен газдың кеуектік саңлауын бойлап жылжу қабілетін көрсетеді.
Мұнай мен газ орналасқан қабаттардың өзінен сұйық пен газды өткізу қабілетін өткізгіштік коэффициенті арқылы білуге болады:


(3)

Бұнда, kө - өткізгіштік коэффициентті; Q – үлгіден өтетін сұйықтың шығымы см3/сек; - сұйықтықтың тұтқырлығы, спз; L – үлгі тастың ұзындығы, см; F – үлгі тастың кесін ауданы, см2; (P1 - P2) – үлгінің басы мен аяғындағы қысым айырмашылығы, атм.


Шөгінді тау жыныстарының өткізгіштігін өлшеу үшін Дарси (д) немесе оның мыңнан бір бөлігі миллидарси (мд) өлшем бірлігі қолданылады.
Коллекторлар - сұйық пен газды өзінен өткізе алатын және олар үшін қойма бола алатын кеуекті және жарықшақты тау жыныстарын айтады.
Табиғи резервуарлар – деп жер қойнауында мұнай, газ және су орналасқан коллекторлардың үстіңгі және астыңғы жағы сұйықтық пен газды өткізбейтін (немесе нашар өткізетін) жыныстармен қоршалған табиғи қоймаларды айтады.
Жер қойнауында табиғи резервуарлардың бірнеше түрлері кездеседі.
Массивтік резервуарлар - қалыңдығы едәуір кеуекті жыныстардан құралған бірнеше қабаттан тұратын, асты мен үстіңгі жақтары сұйықтық пен газды өткізбейтін жыныстардан құралған табиғи қоймаларды атайды. Көп жағдайларда мұндай резервуарлардың астыңғы жағында тек қана ортақ – мұнай-су шекаралығы болады. Осындай резервуарлардың қатарына жабыны мен табаны сазбен қоршалған жарықшақ қалың әктастан тұратын қабаттар жатады.
Литологиялық шектеулі резервуарлар - деп жер қойнауында жан-жағы литологиялық өткізбейтін тау жыныстарымен қоршалған кеуекті және өткізгіш резервуарларды айтады.
Табиғи резервуарлар көбінесе суға қаныққан болады. Жер қойнауында пайда болған мұнай мен газ алғашқы қонысынан көшу (миграция) арқылы коллекторлы резервуарларға кездескеннен кейін, өздерінің тығыздығына сәйкес судан өтіп, жоғары – су бетіне көтерілуге тырысады. Осыған байланысты резервуар ішінде су (астында), мұнай (ортасында), газ (жоғарыда) орналасады.
Ұстағышы (тұтқыш) - деп мұнай-газ шоғырларын өз бойына жинап, қоршап сақтауға қабілеті бар тау жыныстарының жиынтығын айтады.
Мұнай-газ ұстағыштары резервуардың бөлімшесі іспетті.Табиғатта мұнай-газ ұстағыштарының бірнеше түрлері кездеседі. Олардың негізгілерінің қатарына дөңбек күмбезді және литологиялық шектелген ұстағыштар жатады (2 сурет).
Дөңбек күмбез ұстағыштар - антиклиналдық иілімдерде пайда болып, жабыны мен табаны өз бойынан сұйықтық пен газды өткізбейтін тау жыныстарынан құралады. Бұл жағдайда мұнай мен газ дөңбек күмбез құрылымының жоғарғы жағындағы ұстағышқа тап болып, сол жерге жиналып, кұрылымның тұлғасына сай орнығады (2, а-сурет).
Литологиялық экрандалған ұстағыштар. Мұнай мен газдың шоғырлануына ұстағыштың пішіні тек қана антиклинал болуы шарт емес, кей жағдайларға мұнай мен газға қаныққан қабаттар өткізгіштік қабілеті жоқ тау жыныстарымен қоршалуы да мүмкін мұндай ұстағыштарды литологиялық экрандалған деп атайды (2, б-сурет).
Тектоникалық кедергілі ұстағыштар. Ұстағыштардың кейбір түрлері жердің тектоникалық жарықтарымен байланысты болуы да мүмкін. Мұндай мұнай-газ жатақтарын тектоникалық кедергілі ұстағыштар деп атайды (2, в-сурет).
Стратиграфиялық кедергілі ұстағыштар. Бұл жағдайда құламалы мұнай-газ қабаттары горизонтал орналасқан нашар тау жыныстарынан құралған қабаттар құнарлы горизонттарға кедергі келтіріп, қорды сақтауға көмек келтіреді(2, г-сурет).






2- сурет. Ұстағыштардың (тұтқыш) түрлері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет