Калийдің тәуліктік қажеттілігі, ағзада таралуы және деполануы.Калийдің қалыпты жағдайдағы тәуліктік қажетті мөлшері – 75 ммоль/тәу. немесе - 5 г. Каклий ағзаға, негізінен, көк-өністер құрамында және калий тұздарының судағы ерітіндісі түрінде түседі.
Адам ағзасындағы калийдің жалпы мөлшерлік үлесі - 3,5 г/кг. Калийдің негізгі бөлігі бұлшықет жасушаларында шоғырланған, бауыр мен эритроциттердегі мөлшері біршама төмен. Жасуша ішілік калий концентрациясы жасуша сыртылық мөлшерімен салыстырғанда 25 есе жоғары болады (жалпы мөлшерінің (3000 – 4000 ммоль) тек 75 ммоль жасуша сыртылық сұйықта анықталады.
Қансарысуындағы қалыпты калий мөлшері – 3,6 – 5,4 ммоль/л.
Қансарысуындағы калийдің пайда болуын қамтамассыз етеді: - ағзадағы калийдің жалпы мөлшері (мысалы, калийдің жалпы мөлшерінің 100 – 200 ммоль-ге өзгерісі қансарысуындағы концентрациясын 1 ммоль/л-ге дейін өзгертеді); - қан плазмасының рН-ның шамасы (мысалы, рН мәнінің 0,1 бірлікке ауытқуында калийдің концентрациясы 0,6 ммоль-ге өзгереді); - реттеуші механизмнің нәтижесінде.
Гипокалиемия – кезінде: - буферлік жүйенің қызметі бұзылады (алкалоз дамиды), бұлшықет әлсізденуі және летаргия (маужыраушылық) дамиды.
Нормокалиемия – кезінде: - калий миокардтың тітіркенушілігі мен өткізгіштігін төмендетеді.