Натрий мен калийдің ағзадан шығарылуының жолдары. Натрий мен калийдің ағзадан шығарылуының негізгі жолы бүйректер арқылы несеп құрамында шығарылу. Ересек адам несеп арқылы тәулігіне – 130-260 ммоль/тәу. натрий жоғалтады, бұл оның жалпы шығарылуының 90-95%, ал 5-10% натрий тер және ішек экскреттері құрамында шығарылады.
Патологиялық жағдай кезінде шығарылу жолдарындағы мөлшерлік қатынастар өзгереді (мысалы, безгек кезінде күшті терлеу өтеді және құсу кезінде құсық массасы арқылы жоғалту болады).
Калийдің экскрециясы несеп құрамында – 52-78 ммоль/тәу. Калийдің ағзадан жартылай шығарылу кезеңі 30 тәулікке жуық.