Субъект категориясы



бет2/8
Дата08.02.2022
өлшемі40 Kb.
#124140
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Педагог және оқушылар білім беру процесінің субъектілері

Субъект және тұлға

Субъектілік проблемасы соңғы он жылдықтарда, тұлға психологиясында арнайы зерттеу объектісі болуда (К.А. Абульханова, А.В. Брушлинский, В.И. Слоботчиков, В.А. Петровский). Адамның «...дүниедегі болмысының өзін-өзі детерминациялау қасиетін» саналы түсінуші субъектілігі идеясы (В.А. Петровский), берілген психология аймағы үшін демеуші ретінде қарастырылады. В.А. Петровский, осы категория арқылы тұлғалық пен субъектік арасындағы ішкі байланысты қарастыра отырып: «Тұлға болу дегеніміз... іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, өзіндік сана-сезімнің субъектісі болу», - деп көрсетеді. В.А Петровскийдің дәлелдерін келтірейік:


«Біріншіден, тұлға болу - өз өмірінің субъектісі болу, дүниемен өзіндік виталды (кең мағынада) қатынастарын құру». Бұл адамның табиғатпен және әлеуметтік ортасымен өзара қатынастарының психологиялық, психофизикалық, физикалық, әлеуметтік жақтарын қамтиды.
«Екіншіден, тұлға болу - өзі әрекеттенуші ретінде болатын заттың, іс-әрекеттің субъектісі болу».
«Үшіншіден тұлға болу – ол қарым-қатынастың субъектісі болу», мұнда В.А. Петровский бойынша, өзара әрекеттесуші жақтардың өзара көрінулерін қамтамасыз ететін ортақ нәрсе қалыптасады. В.А. Петровский, осы категориялардың байланысын ұғыну үшін маңызды ойды атап өтеді, яғни «... қарым-қатынас субъектісі ретінде тұлға болу – адамның басқа адамдар өмірінде қандай да бір мүлшерде идеалды бейнелеуінсіз мүмкін емес».
Төртіншіден, В.А. Петровский бойынша, тұлға болу дегеніміз - өзіндік сана-сезім субъектісі болу, мұның өзі өзін-өзі бағалауды, өз «Менін» ашуды және де басқа өзіндік-тұлғалық конституенттерді қамтиды. Субъектілікті тұлғаны қарастыратын сипаттамасы ретінде қарастыра отырып, В.А. Петровский педагогикалық психолгия үшін маңызды түсініктерді енгізеді: «вертуалды субъект» түсігнігін қалыптасу, осы күйге өту мезеті ретінде, бұл адамдағы тұлғалықтың пайда болуымен байланыстырылады; «бейнеленген субъектілік» түсінігін – «нағыз субъект өз-өзі үшін субъект және сонымен біріге алмайды және сонымен бірге басқа біреу үшін өзінің болмыс субъектісі болмай қалмайды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет