Субъект қатынастар жүйесінде
Білім беру процесі субъектісінің өзгешілігі,субъектінің басқалармен қатынастар жүйесінде қалыптасуы сияқты маңызды сипаттаманы да бейнелейді. Білім беру процесі кез келген педогогикалық жүйеде әр түрлі адамдармен, топтармен, ұжымдармен көрсетілген ( оқытушылар,мұғалімдер,сыныптар және т.б). «Әрбір дара субъект бір уақытта әр түрлі ұжымдық субъектілерге жатады. Танымдық іс-әрекеттің түрлі жүйелері,өз стандарттары және нормаларымен индивид бойында қайсыбір тұтастыққа ықпаласады. Соңғының болуы Мен бірлігі үшін қажетті шарт болып табылады». Сондықтан да ұжымдық субъект проблемасына, шәкірттер мен ( Я.Л. Коломинский ) мұғалімдер ұжымының өзара қатынасы проблемасына әлеуметтік қоғамдастықтың жеке жағдайы ретінде айналады ( А.В Петровский,А.И. Донцов, Е.Н емельнов және т.б ).
***
Білім беру процесінің субъектілері таным,іс-әрекет,өмір субъектілеріне тән жалпы қасиеттермен де,сондай-ақ олардын ерекшеліктері айқындалатын және олар үшін ерекше білім беру процесінің субъектілеріне тән қасиеттермен де сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |