Субъект категориясы


Субъектілік сипаттамалардың психологиялық-педагогикалық көрінісі



бет3/8
Дата08.02.2022
өлшемі40 Kb.
#124140
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Педагог және оқушылар білім беру процесінің субъектілері

Субъектілік сипаттамалардың психологиялық-педагогикалық көрінісі

Субъект категориясының білім беру процесіне, барлық мүмкін кескіндеріне талдау жасау мақсатында оның (субъектінің) негізгі сипаттамаларын тағы да бір рет атайық. Бұл келесі сипаттамалар (көрсетудің елеулі ырықты, іс-жүзінде бағдарланған формалары): 1) субъект объектіні ұйғарады; 2) субъект өз әрекеттену формасы (құралдары, тәсілдері) бойынша қоғамдық; 3) қоғамдыцқ субъект ж.үзеге асудың нақты да, даралық формасына ие; ұжымдық субъект әрбір индивидте көрңінген және керісінше; 4) саналы реттелінетін іс-әрекет әрқашан да субъектілі, онда субъектінің өзі де қалыптасады; 5) даралық іс-әрекет субъектісі – саналы әрекеттенуші; 6) субъектілік басқа адамдармен қатынас жүйесінде анықталады, ол – белсенділік, құмарланғыштық; 7) субъектілік қарым-қатынастың, іс-әрекеттің, өзіндік сана-сезімнің және болмыстың ажырамас тұтастығы; 8) субъектілік – бұл жаралатын және жойылатын, өзара әрекеттесуден (тұлғааралық, әлеуметтік, іс-әрекеттік) тыс болмайтын динамикалық бастама; 9) субъектілік – бұл интерпсихикалық категория. Адамның осы субъектілік сипаттамаларына, субъект түріндегі тұлға ретіндегі сапаларын да қосу керек. Ол Е.А. Климов бойынша, бағыттылықты, мотивтерді қамтиды; қоршағандарға, іс-әрекетке, өзіне қатынасты; жинақтылық, ұйымдасушылық, шыдамдылық, өзіндік тәртіп сияқты сапалардан көрінетін өзін-өзі реттеуді; креативтілікті, даралықтың интеллектуалдық қырларын; эмоционалдылықты қамтиды. Осы сипаттамалардың барлығы толықтай немесе жинақталған формада білім беру субъектілеріне де тән.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет