Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет26/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Ақтамберді жырау
 
Сарыұлы (1675-1768).
 
Халидидің айтуынша, Ақтамберді – Ойраттармен
күрес кезінде қазақ қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. 
Ақтамберді шығармалары нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға толы. 
Қазақ халқының болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі 
тарихи оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. 
Ақтамберді бүкіл ел мүддесін ру, ата намысы емес, иісі қазақтың 
намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады. 
Дұшпаннан көрген, қорлығым 
Сары су болды жүрекке, 
Он жетіде құрсанып, 
Қылыш ілдім білекке, 
Жауға қарай аттандым
Жеткіз деп, Құдай тілекке! 
Ақтамберді өзінен бұрын өткен Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерін әрі 
қарай жалғастырушы болып табылады. 
Ақтамберді жырларында көшпелі қазақтардың ой–арманы, мақсат-


99 
мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы 
аңғарылады. Бұған жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ 
толғауы дәлел бола алады. 
Ақтамберді жыраудың айтуынша, қазақ үшін байлық - малда. Ол 
«алғайдың құба жонына сыймас» ақтылы қой, «көлге түссе көз жетпес» көк 
алалы көп жылқы, боздаған даусы күй болып төгілетін сансыз түйе жайлы 
армандайды, елдің төрт құбыласы тең, үлкен байлыққа кенелуін қалайды. 
Қазақтар үшін мал асылы - жылқы екені белгілі. Жылқының көшпелілер 
өміріндегі алатын орны жайлы Ақтамберді жыраудай толғаған қазақ ақыны 
жоқ. Ол - еліміздің ұлттық қасиеттерін, қонақжайлылығын, үлкенді 
құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе отбасының сыйлығын, берекесін дәріптеп 
өткен ақын. Ақтамберді жырау 93 жасында дүние салыпты. Туған жердің 
топырағын жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік 
мақсаты орындалғанына ризашылығын білдіре келіп, «батырларша оққа 
ұшпай, төсекте жатып тек өлгендігіне» өкінеді. 
Қазақ тарихындағы келесі алып тұлғалардың бірі - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет