104
Дулат қазақ халқының қалыптасып қалған көшпелі болмыс тіршілігін
жырлай отырып, жаңадан ене бастаған тұрмыс-салтына, оны бұзатын
құбылыстарға қарсы шығады. Сонымен қатар оның қоғам өміріндегі болып
отырған өзгеріс, кейбір әлеуметтік
мәселелерді шешу алдындағы
дәрменсіздігін «Бағасы кеткен жігіттің» деген толғауынан байқап көруге
болады. Ол адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастың бұзыла
бастағанын айта келіп, адамдар азды, балалар ата-анасын сыйлаудан қалып
барады деп қынжылады. Дулаттың кейбір шығармалары өмір шындығымен
тікелей ұштасып жатыр. Ол
сол кезеңдегі әділетсіздікке, надан ел
билеушілерге қарсы шығып, оларды қатты сынауға алды. Дулаттың
әлеуметтік философиясы жер, суды, елдің бірлігін сақтап қалу идеясы,
басқа жұртқа күш көрсетпеу философиясы.
Дулат
ақыннан кейінгі, онымен қатар өмір сүрген зар заман
ақындарының ішіндегі ең көрнектілерінің бірі
Достарыңызбен бөлісу: