Графикалық элементтер Графикалық элементтермен жұмыс істеу Жарияланымды дайындау- құрастыру үстеліндегі бетті қажетті материалдармен бірте-бірте толтыру болып табылады.
PageMaker жүйесінде объект аталатын мұндай «кірпіштер» мыналар:
мәтіндік блоктар;
иллюстрациялар(суреттер);
графикалық элементтер.
Объектілер құрастыру орнының кез келген жерінде жасалып, сақтала береді, бірақ басуға, шығаруға материалдардың тек қана жарияланым бетіндегі, яғни тікбұрыш ішінде орналасқан бөлігі ғана беріледі.
Үлкен үстел(құрастыру орны)үстінде орналасқан ватман қағазы бетінде(жарияаным беті) безендірудің геометриялық элементтерін- сызықтар, жиектер және т.б. қоса отырып, мәтіндер мен суреттер қиындыларын ретімен қойғандай, объектілерді жылжытуға, алып тастауға, бір-бірінің үстіне қоюға болады.
Дайын жарияланымды құрайтынның бәрі объект деп аталады. Объектілер негізгі үш түрге бөлінеді:
мәтіндік блоктар,
иллюстрациялар(суреттер),
графикалық элементтер.
Графикалық элементтер дегеніміз- неше түрлі сызықтар, тікбұрыштар, сопақшалар және көпбұрыштар. Олардың бәрі PageMaker жүйесінде инструменттер көмегімен жасалады.
Қандай да бір инструментті таңдау үшін палитрадағы осы инструменттің суреті бар батырманы тышқанмен шертіңдер. Таңдалған батырма «басулы» қалады, ал тышқанның меңзері осы инструментке тән түрді қабылдайды.
«Бағдарша»,»Стрелка» инструменті Pagemaker жүйесінде негізгі жұмыс құралы болып табылады. Объект немесе объектілер тобын ерекшелеуді, оларды жылжытуды немесе жоюды, өлшемдерін өзгертуді тек соның көмегімен ғана жасауға болады.
Ерекшелеу үшін тышқан меңзерімен объектіні шерту керек. Объект барлық жағынан шектеуіштермен ерекшеленеді.
Объектіні жылжыту үшін оны алдымен ерекшелеу қажет. Содан кейін тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні шертіп, оны жібермей, тышқанды қажетті бағытта жылжытыңдар. Тышқан батырмасын объектіні қажетті жерге жеткізгенде ғана босатыңдар.
Жою үшін объектіні ерекшелеп, Delete пернесін басу керек.
Өлшемдерді өзгерту үшін объектіні ерекшелеп, объектінің қажетті шектеуішін тышқанмен»ұстап алу»керек. Тышқан батырмасын жібермей, шектеуішті қажетті бағытта тасыңдар, содан кейін жіберіңдер.
Соңғы жасалынған әрекетті орындатпау (жылжыту, өзгерту, жою) Редактирование=>Отменить<название операции>командасы бойынша жүзеге асырылады. Естеріңде болсын: тек соңғы операция ғана орындалмайды.
Инстументтер палитрасынан «Прямоугольник» инструментін таңдаңдар. Жолақтың кез келген жерін тышқанмен шертіп, тышқан батырмасын жібермей, болашақ тікбұрыштың диагоналы бойынша қажет бағытта «сызыңдар». Егер алынған фигураның өлшемдері талапқа сай болса, тышқан батырмасын жіберіңдер. Егер шаршы салу керек болса, Shift батырмасын басып ұстаңдар.
Тікбұрышты бояуға- «фонмен құюға» және оның шекарасы бойынша сызық стилін еее Элемент=>Линия командасы қолданылады. Фонды өзгерту үшін Элемент=>Фон командасы керек. Егер тікбұрыштың шекарасын ғана өзгертіп қоймай, ішкі бөлігін де «бояу» қажет болса, Элемент=>Фон и Линия командасын пайдаланыңдар.
Бұрын жасалған тікбұрыштың өлшемдерін, фонын, сызық сипаттамаларын өзгертіп, ұштарын дөңгелентіп, редакциялай аласыңдар.