Сағат саны: 1
Жұмыстың мақсаты: Жұлдыздардың көрінерлік жұлдыздық шамаларын анықтау
Құралдар: Жұлдызды аспанның 2учаскесінің сары және көксәулелерде түсірілген фотосуреттері (17-20 планшеттер), астрономиялық календарь, логарифмдік кесте, логарифмдік сызғыш немесе калькулятор.
Негізгі сұрақтар: визуальді жұлдыздық шама, жұлдыздық шамалар, түс көрсеткіші, микрофотометр, характеристикалық қисығы, Погсон формуласы.
Тапсырмалар:
№1 - 6 жұлдыздардың кескіндері бойынша және көрінерлік жұлдыздық шамалары бойынша фотопластинканың характеристикалық қисығын сызыңыздар. Олар.
1/ V сәулелерде /1 облыс/ және B- сәулелерде /1 облыс/- түсірілген - жұп нөмірлі вариант
2/ V- сәулелерде /2 облыс/ және B- сәулелерде /2облыс/- түсірілген - тақ нөмірлі вариант.
Құрылған характеристикалық қисық бойынша мына жұлдыздардың көрінерлік жұлдыздық шамаларын анықтаңыздар.
1/ 7,9,11 және 14 2/ 7,9,11 және 14
3/ 8,10,11 және 21 4/ 8,10,11 және 21
5/ 8,13,14 және 18 6/ 8,13,14 және 18
7/ 15,16,19 және 20 8/ 15,16,19 және 20
9/24,12,25 және 30 10/ 24,12,25 және 30
11/ 28,29,31 және 17 12/ 28,29,31 және 17
13/ 20,25,30 және 7 14/ 23,25,30 және 7
15/ 19,22,26 және 10 16/ 19,22,26 және 10
Дәл сол жұлдыздардың түс көрсеткіштерін және көк сәуле мен сары сәулелерде олардың жалтырауларының қатынасын анықтаңыздар.
1-3 пункттердің нәтижелерін талдап сол жұлдыздардың әртүрлі сәулелерде жалтырауларының айырмашылығының себептері
жөнінде қорытынды шығарыңыздар.
Мына жұлдыздардың әртүсті сәулелерде жалтырауларының
қатынасын тап.
1.Мицар және Геркулестің ι 9. Канопус және Андромеданың β
2.Вега және Бүркіттің θ 10.Ригель және Жетіқарақшының β
3. Сириус және Персейдің ε 11.Арктур және Егіздердің δ
4.Капелла және Айдаһардың β 12. Бетельгейзе және Үлкен Арланнаң θ
5.Процион және Кассиопея ε 13.Ахернар және Таразының γ
6.Антарес және Персейдің ξ 14.Альтаир және Сукұюшының θ
7.Поллукс және Суқуюшының β 15.Спика және Арбакештің χ
8.Альдебаран және Үлкен Арланның ξ 16.Денеб және Қасқырдың μ
6. 5-пункттегі бірінші жұлдыздың Жерден қашықтығын екі, төрт және10 есе азайтқаңдағы немесе үлғайтқандағы көрінерлікі жұлдыздық шамасын есептеп табу.
6-пункттің нәтижелері бойынша жұлдыздың жалтыруларының қашықтыққа тәуелділігі жөнінде қорытынды жасаңыздар.
Көрінерлік жұлдыздық шамасы М=12.m 50 болатын жұлдыздардың қаншасының жалтырауларының қосындысы төменде келтірілген жұлдыздың жалтырауына тең.
1.Мицар, 2.Вега, 3.Сириус, 4.Капелла, 5.Процион, 6.Антарес,
7.Поллукс, 8.Альдебаран, 9.Канопус, 10.Арктур, 11.Ригель,
12.Бетельгензе, 13.Ахернар, 14.Альтаир, 15.Антарес, 16.Спика.
9. Күн мен Айдың Жер бетінде жарықталынуларының қатынасын табыңыздар.
10.Егер Күнді 1. Меркурий, 2.Шолпан, 3.Марс, 4.Юпитер, 5.Сатурн, 6.Уран, 7.Нептун, 8.Плутон, планетасынан,немесе 9. 50 а.б. 10. 60 а.б. 11.70 а.б. қашықтығынан, 12. Церера астероидтан , 13.Гидальго, 14.Давид, 15.Паллада,16. Эрос астероидынан бақылағанда Күннің орташа бүрыштық диаметрін және көрінерлік жүлдыздық шамасын есептеп шығарыңыздар.
11. 10 пунктті жалпы нәтижелері бойынша Күннің көрінерлік бұрыштық диаметрінің мен көрінерлік жұлдыздық шамасының қашықтықтан тәуелділігінің графигін сызып, осы шамалардың қашықтықпен өзгеру заңдылығы жайлы қортындыларды шығару.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Д.И.Кенжалиев «Астрометрия» 2007 Орал –-§4-§5 21-27 бет;
М.М.Дагаев, В.И.Демин, И.А.Климишин, В.И.Чаругин «Курс общей астрономии», Москва «Просвещение» 1983 - §6-§13 стр 14-26 ;
П.И.Бакулин,Э.В.Кононович,В.И. Мороз «Курс общей астрономии» Москва «Наука» 1977 -§10-§11 стр 24-29
Өткізу формасы: ғылыми-зерттеу жұмысы, Жұлдыздардың физикалық қасиеттерін оқып-үйрену.
Бағалау критерийлері: 2-кесте.
№9-10 зертханалық жұмыс: Жұлдыздардың спектрі және жарықтылығы
Достарыңызбен бөлісу: |