Syllabus пәннің атауы



бет28/39
Дата04.12.2022
өлшемі3,33 Mb.
#161127
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
Сил.Астрономия

Сағат саны: 2
Мақсаты: Жұлдыздық спектрлердің классификациясын зерттеу және жұлдыздардың жарықтылығын анықтау.
Құралдар: «Справочник любителя астрономии» көмекші құралдар, «Астрономический календарь – постоянная часть», Жұлдыздық cпектрлердің гарвардтық классификациясы (48 планшет), жұлдыз спектрограммалары (49-56планшет) логарифмдер таблицасы, логарифмдік сызғыш.
Негізгі сұрақтар: жұлдыздар, спектр, иондалу, Погсон формуласы
Тапсырмалар:
1. Жұлдыздар спектрлерінің стандарттары бойынша сутегі мен иондалған кальций сызықтары өте анық көрінетін подкластарды табыңыздар.
2. Қуысты спектрографтың түсірген төмендегі жұлдыз спектрлерінің қай класқа жататындығын анықтаңыздар.
1) Бүркіттің δ- сы, Дельфиннің ε –ы, Жетіқарақшының μ, Қарғаның β-сы.
2) Егіздердің μ, Суқұюшының γ, Аққудың ε, Өгізшінің η – сы.
3) Жыланбөктергеннің α- сы, Өгізшінің ε, Егіздердің ε, Үшарқар-Таразының δ-сы.
4) Лираның α-сы, Корма σ, Геркулестің δ, Айдаһардың χ-сы.
5) Геркулестің η-сы, Сарышаянның δ-сы, Гидраның R, Бикештің γ-сы.
3. Күннің абсолютті визуальды жұлдыздық шамасын есептеп шығарыңдар.
4. Төмендегі жұлдыздардың қашықтықтарын, абсолюттік сары және абсолюттық көк жұлдыздық шамаларын, сары және көк жарықтылығын табыңдар.
1/ Мицар, Егіздер μ, Үшарқар-Таразы ε және ВД-15° .40 42.
2/ Альдебаран, Персейдін S, Айдаһардың χ және Каптейн жұлдызы.
3/ Денеб, Кассиопеяның η, Сарышаянның η, Центаврдың Проксимасы.
5. 4 пункттегі жұлдыздарға, олардың спектральды подкласына сәйкес, орташа температураның сәйкес мәндерін тауып, жұлдыздардың түс көрсеткіштері мен температураларының арасындағы тәуелділікті график түрінде көрсетіп, бұл графиктегі негізгі спектральдік класстарды көрсет.
6. 5-пунктің нәтижелері бойынша жұлдыздардың түс көрсеткіш-тері мен спектрлерінің айырмашылығының себебі жөнінде қорытынды жаса.
7. Төмендегі жүлдыздардың визуальді жылтыраулары мен ви-зуальды жарықтығының қатынастарын есеп шығар.

  1. Поллукс және Қасқырдың α-сы

  2. Фомальгаут және Персейдің δ-сы

  3. Спика мен Үшарқар-Таразының ε-сы

  4. Регул және Арбакештің ε-сы

8. Шоқжұлдыздардың бірінің қашықтығындай нүктеден Қүннің көрінерлік жұлдыздық шамасын есептеп тап.
9. 3-8 пункттердің жалпы нәтижелерін талқылап, күннің және жұлдыздардың физикалық табиғаты жөнінде қорытынды шығар.
10. Рессел диаграммасын сызып, ондағы Күннің және 4 пунктте берілген жұлдыздардың орнын белгіле, осы шырақтардың қай тізбекке жататындығын көрсет.
11. Әртүрлі тізбектерде орналасқан жұлдыздардың абсолютты жұлдыздық шамасы мен жарықтылықтарының шектерін көрсет.
Әдістемелік нұсқаулықтар:

  1. Бакулин П.И., Кононович Э.В., Мороз В.И. Курс общей астрономии. М,: Наука. 1983, 560 с.

  2. Дагаев М.М., Демин В.Г., Климишин В.Г., Чарушин В.М. Астрономия. –М.: Просвещение. 1983, 384с.

  3. ДагаевМ.М.Сборник задач по астрономии.–М.:Просвещение.1980, 128с.

  4. КурышевВ.И.Практикум по астрономии. –М.: Просвещение. 1986, 144с.

  5. Дагаев М.М. Наблюдение звездного неба. –М.: Наука. 1980, 454с.

Өткізу формасы: ғылыми-зерттеу жұмысы, жұлдыздар спектрін оқып-үйрену.
Бағалау критерийлері: 2-кесте.

11 зертханалық жұмыс: Жасанды серіктер мен ғарыштық аппараттар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет