2.5. ЦИНАО модификациясындағы Мачигин әдісі бойынша калийдің ауыспалы және фосфордың жылжымалы формасын анықтау Бұл әдіс сұр, қара, қызғылт қоңыр, қоңыр топырақтар үшін (карбонатты топырақ таралған аумақтарда) стандартты болып табылады.
Талдаудың мазмұны. Топыраққа сіңірілетін фосфат пен калийдің мөлшерін анықтау топырақтың құнарлылығын, фосфорлы және калийлы тыңайтқыштардың рационалды қолданылуын бағалау үшін маңызды болып табылады.
Жұмыс барысы. Топырақтың 5 г үлгісін техникалық таразыда 0,1 г дәлдікпен өлшеп алады да, сыйымдылығы 200-250 см3 құтыға немесе бөтелкеге ауыстырады. Оған 100 см3 1%-ті аммоний карбонатының ерітіндісін құяды да, каучукты тығынмен жауып қояды, кейін ротаторда немесе араластырғышта 5 минут шамасында араластырып шайқайды. Кейін құтыны термостатқа қойып, 250±20С температурада 18-20 сағатқа қалдырады. Келесі күні суспензияны қолдан 5-6 рет шайқайды да, қатпарлы сүзгіш қағазында сүзіп алады. Сүзіндінің алғашқы бөліктерін алып тастайды. Сүзінді мөлдір болу керек.
Түссіз немесе органикалық затпен әлсіз боялған сүзіндіні калориметрлеу үшін қолданады. Ол үшін тамшуырмен сүзіндінің 15 см3 мөлшерін алады да, оны 50 см3-лік құтыға ауыстырады. Оған 35 мл бояғыш реактивті (Б реактиві) қосады да, 10 минуттан кейін (бояғыш реактивті қосқаннан бастап 2,5 сағаттан кем емес) өткізгіштігі максимум 600-750 нм аралығында болатын қызыл светофильтрде колориметр құралында оптикалық тығыздығын өлшейді.
Сүзіндіні түссіздендіру. Егер сүзінді қатты боялған болса, оны түссіздендіреді. Ол үшін дайындалған сүзіндінің 15 см3мөлшерін алып, оны ыстыққа төзімді шыныдан жасалған конусты құтыға ауыстырады және оған 2 см3 күкірт қышқылының және калий перманганатының (реактив 2) қоспасын қосады. Құтыны асбестті торға қойып, электр плиткасында 2 минут қайнатады. Суытқаннан кейін құтыға 33см3 бояғыш ерітіндіні (Б реактивіне) құяды да, 10 минут өткен соң колориметр құралында оптикалық тығыздығын өлшейді.