Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Топырақ пен ерітіндінің 1:2,5 қатынасындағы рNO



бет52/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   96
Байланысты:
treatise140794

Топырақ пен ерітіндінің 1:2,5 қатынасындағы рNO3 шамасы бойынша нитраттардың (топырақтың мг/кг) мөлшерін есептеу

рNO3

N-NO3,
мг/кг



рNO3

N-NO3,
мг/кг

рNO3

N-NO3,
мг/кг

рNO3

N-NO3,
мг/кг

2,55
2,60
2,65
2,70
2,75
2,80
2,85
2,90
2,95

97,7
87,1
77,6
69,2
61,7
55,0
49,0
43,6
38,9

3,00
3,05
3,10
3,15
3,20
3,25
3,30
3,35
3,40

34,7
30,9
27,5
24,6
21,9
19,5
17,4
15,5
13,8

3,45
3,50
3,55
3,60
3,65
3,70
3,75
3,80
3,85

12,3
11,0
9,8
8,7
7,8
6,9
6,2
5,5
4,9

3,90
3,95
4,00
4,05
4,10
4,15
4,20
4,25
4,30

4,4
3,9
3,5
3,1
2,8
2,5
2,2
1,9
1,7

Жұмыстың алдында, қондырғының шкаласының көрсеткіштеріне стандартты ерітінділер бойынша, концентрациясын кіші мәнінен бастап өсу ретімен орналастырады: 10-4, 10-3, 10-2, 10-1 M KNO3.


Қондырғының көрсеткіштерін алмай тұрып, талданатын үлгілерді шайқау керек, содан кейін талданатын ерітінділерге электродтарды салып, потенциал орнағаннан кейін өлшеуді жүргізу қажет (алюмокалийлі ашудастың 1%-ды суспензиясында көрсеткіштерді 30-60 секундтан соң жазады). Әрбір өлшеулерден кейін электродтарды дистилденген сумен шайып отырады. Стандартты және өлшенетін ерітінділердің температуралары бірдей болу керек.
Үлгілердегі нитраттардың азот мөлшерін миллиметрлік қағазда тұрғызылған калибрлеу графиктің көмегімен анықтайды. Абсцисса өсіне калий нитратының стандартты ерітінділеріне (10-1, 10-2, 10-3, 10-4 M ) сәйкес келетін рNO3 мәндерін, ал ордината өсіне ЭҚК (мВ) орналастырады. Калибрлеу графигінен рСNO3 –тің мәнін және 2.5-кестеден талданатын топырақтардағы (кг топырақтағы мг мәнін) нитраттардың азот мөлшерін анықтайды. Массалық концентрациядан басқа, жылыжай топырақтары үшін N-NO3 концентрациясын 1 л субстратқа сай келетін миллиграммда өрнектеу ұсынылады. 25-кесте мына формула негізінде есептелген:

N-NO3 мг/кг =Antilog (4.54-pNO3)


Калибрлеу графигін логарифмдік қағазға да түсіруге болады, ордината өсіне (сызықтық шкала) электродтық жұптың ЭҚК-ін (мВ), ал абсцисса өсіне (логарифмдік шкала) талданатын ерітіндіні құрамындағы NO3 мөлшерін орналастырады.
Бастапқы үлгідегі ылғалды есептеу үшін қайта есептеу коэффициентін қолданады:
m=100(100-w)
мұндағы, w- топырақтың ылғылдылығы, %.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет