Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Өсімдік құрамындағы шикі күлді анықтау



бет60/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   96
Байланысты:
treatise140794
7lab, Документ (14), Документ (14), 0008d9aa-c924dc23, 9 сынып 2 бжб картограф-1 тоқсан
2.6.4. Өсімдік құрамындағы шикі күлді анықтау
Талдаудың мәні. Өсімдік материалын күйдіру кезінде қалатын қалдық күл деп аталады. Өсімдіктегі күлдің мөлшері оның биологиялық ерекшеліктеріне, өсу сатысына, өсімдік ағзасы және өсіру жағдайына тәуелді елеулі ауытқуларға ұшырайды. Мысалы, тұқымдарға қарағанда, өсімдіктің жапырағы, бұтақтары және тамырында күлдің мөлшері көбірек болады. Күлдің негізгі құрамы күлді деп аталатын минералды қоректендіргіш элементтер оксидтерінен тұрады. Көкөністі өсімдіктің жапырықтарында күлдің жоғары мөлшері болуымен ерекшеленеді (құрғақ массада 14-20%). Күлдің негізгі құрамы күлді деп аталатын минералды қоректендіргіш элементтер оксидтерінен тұрады. Өсімдіктің құрамындағы күлдің жеке элементтерінің мөлшері біртекті емес және ол өсімдіктің түріне тбайланысты болып табылады, өсімдіктің жасына және өсіру жағдайына тәуелді.
Күлдің мөлшерін және оның құрамын анықтау ауылшаруашылық дақылдары егістігінің химиялық сипаттамаларын, сонымен қатар өсімдік онтогенезіндегі жеке күл элементтерін және күлдің жиналу динамикасын зерттеу үшін қажет. Күл мөлшерін бірінші сатылы анықтаудың мәні тынайтқыштың қолданылуына тәуелді нақты топырақ-климат жағдайында ауылшаруашылық дақылдары егістіктерінен күл элементтерінің шығымын қалыпқа келтірумен тағайындалады. Бұл тыңайтқыштың қолданылу жүйесін есептеуде қажет.
Құрғақ күлдеу әдісі өсімдіктегі макро және микроэлементтердің мөлшерін талдаудың әртүрлі әдістерінің дайындық кезеңі ретінде қолданылады.
Әдістің принципі. Шикі күл мөлшерін анықтау өсімдік үлгісін муфель пешінде күйдіруге және қалған күл мөлшерін есептеуге негізделген. Өсімдіктің органикалық қосылыстары ұшқыш қосылыстар - азот, сутек, көміртек оксидтерінің пайда болуымен жанады. Күлде минералды қоректендіретін элементтің оксиді түрінде қалады. Мұндай жолмен алынған күл шикі күл деп аталады, оның бұлай аталуы құрамында қоректендіретін элементтің оксидтерінен басқа көмір бөлшектері, сілті және сілтілік жер металдарының көмір қышқылды тұздарының біршама мөлшері, ал тамыры және тазартылған өсімдіктердің күлденуі кезінде батпақ пен құмның біршама мөлшерінің болуына байланысты.
Өсімдік затының күлденуі кезінде муфель пешіндегі температураны қатаң ұстайды. Жақсы нәтижені 520-550оС температурада күлдендіру кезінде алады. Өте жоғары температурада фосфор, күкірт, калийдің жоғалуы байқалады. Зертханада муфель пешінің электронды термореттеушісі жоқ болса, температураны муфель пешінде түстің жануына байланысты анықтауға болады: қанық қызыл – 525 -550, қызыл – 550-600, шие түсті – 800-900, қанық қызыл сары – 1100 оС.
Жұмыс барысы. Таза, құрғақ кәрлен тигельдерін 0,5% темір хлорының ерітіндісімен нөмірлейді (қылшыкты щетка немесе өткір шиді қолданып) 1-2 сағат бойы муфель пешінде күйдіреді. Тигельдерді эксикаторда суытқаннан кейін, аналитикалық таразыда өлшейді. Тигельдерді 2/3 көлемін алатындай ұсақталған өсімдік затымен толтырады және алдымен техникалық таразыда, сосын төрт мәнді дәлдікпен аналитикалық таразыда өлшейді. Үлгі массасы ауада кептірілген құрғақ 1-2 г және балғын өсімдікдердің 2-5 г жинау керек. Үлгіні борпылдақ түрінде тигельге салады. Өсімдік құрамындағы ылғалдылықты паралельді анықтайды. Ол үшін үлгі массасын алдын-ала өлшенген бюксте өлшейді және кептіреді.
Күлденудің бүкіл үдерісін муфельді пеште жүргізуге болады. Өсімдік бар тигельді салқын муфель пешіне орналастырады. Есік жабық күйде электрлі тоғын қосып және реттегішпен температураны 220-250оС-қа дейін жеткізеді.1-1,5 сағатта осы температурада күлдену жүреді. Сосын ақырындап температураны 525-550оС жеткізеді (қанық қызыл жану) және күлденуді 3,5-4 сағат жүргізеді. Осыдан кейін тигельді эксикаторда суытады және аналитикалық таразыда өлшейді. Күлді тұрақты массаға келтіру үшін қайтадан 30 минут бойы күйдіріп, эксикаторда суытып болған соң өлшеу қажет.
Күлдің түсі ашық сұр болу керек. Күлде темір немесе марганецтің едәуір мөлшері болса, сәйкесінше қанық қызыл немесе жасылдау түске ауысады. Келесі формула бойынша пайызбен шикі күлдің мөлшерін есептеуге болады:

𝑥 = ·100,


Мұндағы, а – бос тигельдің массасы, г; в – бастапқы материалмен бірге тигель массасы, г; с – күйдірілген шикі күлмен бірге тигель массасы, г; 100 – пайыздық мөлшерін көрсететін бөлшек алымындағы сан; 100/(100-у) – абсолютті құрғақ затқа нәтижені есептеуге арналған коэффициент; у – талданатын үлгінің гигроскопиялық ылғал мөлшері, %.
Тигельдегі күлге бірнеше тамшы дистилденген су тамшылатады сосын әр тигельге 2-5 см3 25% -ті тұз қышқылының ерітіндісін қосады. Күлдің толық еруіне жеткенше шыны таяқшамен тигель ішіндегі затты жақсылап араластырады. Сосын тигельдерге дистилденген су қосады және сыйымдылығы 100 см3 өлшегіш құтыға күлсіз сүзгі арқылы дайын ерітіндіні сүзеді. 4-5 рет тигельді дистилденген судың кішкене мөлшерімен (3-5 см3) шаяды және сәйкес сүзгісі бар құйғыға шыны таяқша көмегімен ерітіндіні құяды. Ерітіндіні толық сүзу үдерісінен өткізгеннен кейін сүзіндіні 2-3 рет шайқыштағы дистилденген судың кішкене мөлшерімен шаяды. Сосын құтыдағы ерітіндіні сумен белгіге дейін жеткізеді және араластырады. Күл ерітіндісі фосфор, кальций, магний және басқа минералды қоректендіргіш күл элементтерін анықтау үшін қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет