Топырақтағы микроэлементтердің жылжымалы формасын бөліп алуға арналған сүзінділер
Элемент
|
Экстрагенттеуші ерітінді
|
Топырақ: ерітінді
қатынасы
|
Топырақ пен ер-нің өзара әрекеттесу уақыты
|
Топырақтар
|
Тәсілдің авторы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Бор
|
H2O
|
1:5
|
Қайнап тұрған кезде 5 мин.
|
Барлық топырақтар
|
Бергер мен Троуг
|
Mo
|
Оксалатты буферлі ер-і, рН 3,3 (Тамма реактиві)
|
1:10
|
Ротаторда шайқап тұрған кездегі 1 сағ
|
Барлық топырақтар
|
Григг
|
Mn
|
0,1н.
H2SO4
|
1:10
|
Дәл солай
|
Ауылш-ық аудан-ғы карбонатты емес және аз карбонатты топырақтар (4% СО2)
|
ЦИНАО модификация-сындағы Пейве мен Ринькис
|
Cu
|
1М KCl
|
1:10, 1:20 шым тезекті топырақ үшін
|
Дәл солай
|
Дәл солай
|
Дәл солай
|
Zn
|
1 М KCl
|
1:10
|
Дәл солай
|
Дәл солай
|
Дәл солай
|
Co
|
1 М HNO3
|
1:10, 1:20 шымтезекті топырақ үшін
|
Дәл солай
|
Дәл солай
|
Дәл солай
|
Mn, Zn, Cu, Co
|
Ацетатты буферлі ер-і, рН 4,8
|
1:10
|
Дәл солай
|
Орта Азияда ауылш-ық аудан-ғы карбонатты топырақтар
|
Крупский және Александрова
|
2.6. Өсімдікті талдаудың химиялық әдістері
Жапырақ диагностикасы әдісінің көмегімен өсімдік құрамындағы бейорганикалық, негізгі элементтер - азот нитратының, фосфордың және калийдің құрамын анықтауға болады және осы негізде өсімдік диагностикасы тыңайтқыштардың (жемдердің) дақыл қажеттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді:
өсімдік үшін тек топырақтық талдау арқылы анықтауға қиын келетін, топырақтың түбірлік қабатындағы қоректік заттардың қолжетімділігін анықтау;
тыңайтқыштардағы жеке дақылдардың қажеттіліктеріндегі ерекшеліктерді айқындау;
даму фазалары бойынша қоректік бақылаулар жүргізу;
үстемдік қорек беру қажеттілігі мен құрамын анықтау;
тыңайтқыштардағы дозаларды есептеу әдісінің дұрыстығын бағалау;
тыңайтқыштарды қолданудың барлық жүйелерін анықтау.
2.6.1. Өсімдіктердің қоректенуінің визуалдық (химиялық) диагностикасы
Кез келген қажетті қорек элементінің жетіспеушілігі, оның артық болуы сияқты, өсімдіктердегі биохимиялық және физиологиялық үрдістердің қалыпты жүрісінің бұзылуын тудырады, соның салдарынан жапырақтардың түсінің өзгеруі және тығыздығының (тургор) жоғалуының болуы мүмкін, дақтар пайда болады. Өсімдіктердің сыртқы көрінісінің өзгеруі - айтарлықтай өзгеше болады және қоректенудегі бұзылуларды анықтау үшін белгі бола алады.
Айтарлықтай артық мөлшерде қолданылған, қоректенудің кез келген элементі, өсімдіктер тіршілігінің үдерістерінде айтарлықтай бұзылуларды тудырады. Әсіресе, тәжірибе жүзінде көп жағдайда өсімдік құрамына артық мөлшерде азот, хлор, марганец, алюминийдің түсуі байқалады, олар жапырақ хлорозында және тіндердің жойылуы кезінде, өсудің тоқтауы мен тағы басқа өзгерістерде байқалады. Қандай да бір элементтің жетіспеушілігі немесе олардың артық мөлшерде болуы, көп жағдайда бірдей сыртқы белгілерге ие.
Сыртқы келбеті арқылы минералдық қоректенудің қандай да бір элементінің жетіспеушілігін немесе оның артық мөлшерде болуын анықтауға болатын өсімдіктерді - индикатор өсімдіктер деп атайды.
Азотқа қатысты индикаторлы өсімдіктер – қиярлар болып табылады:
N жетіспеушілігі үшін – орамжапырақ, картоп, жүгері, алма, өрік, қарақат;
P жетіспеушілігі үшін – мал жейтін шалқан (турнепс), тарна, қызанақ, алма, қарлыған;
K жетіспеушілігі үшін – картоп, қызылша, үрмебұршақ, жоңышқа (люцерна), орамжапырақ, қарлыған, қара қарақат, алма;
Mg жетіспеушілігі үшін – картоп, жапырақты орамжапырақ, қарлыған, қара қарақат, алма;
Fe жетіспеушілігі үшін – картоп, жемісті дақылдар;
B жетіспеушілігі үшін – күнбағыс, қызылша, күріш, зығыр, мал жейтін шалқан (турнепс), тарна, қызанақ, балдыркөк, түсті орамжапырақ, бұршақты және жеміс-жидекті дақылдар;
Mn жетіспеушілігі үшін – сұлы, бидай, қызылша, картоп, тамыр жемістілер, орамжапырақ, жүгері, бұршақ, үрмебұрашақ, жоңышқа, таңқурай, күнбағыс, көкөністер, шие, өрік, шабдалы, алма, лимон, мандарин;
Cu жетіспеушілігі үшін – сұлы, бидай, арпа, шөптер, картоп, зығыр, кендір, беде, тары, күнбағыс, жемістер, қыша, қызылша, бұршақты және көкөністі дақылдар;
Zn жетіспеушілігі үшін – үрмебұршақ, соя, жүгері, қарақұмық, құлмақ, қызылша, картоп, алма, жоңышқа, цитрустар;
Mo жетіспеушілігі үшін – орамжапырақ, қызанақ, салат, саумалдық, бұршақ тұқымдастар, цитрусты дақылдар.
Азоттың жетіспеушілігі кезінде - баяу өседі, жапырақтары кішкентай, бозғылт – жасыл түсті, сарғыш-жасыл және сары түсті; хлороз ең алдымен ескі жапырақтарға жұғады, ол жапырақтың тамырлары және оған қабысушы тіндерден басталады.
Фосфордың жетіспеушілігі - өсудің нашарлауын, жаңа майда жапырақтардың пайда болуын тудырады. Жапырақтардың түсі қара жасыл, көгілдір, жапырақтарда күлгін, қызғылт, қоңыр құба дақтар пайда болады, осыдан кейін жапырақтардың осы орындары жойылады. Өсімдіктердің фосформен қамтамасыз етілуінің бұзылуы суық ауа – райында, ең алдымен, төменгі жақтағы ескі жапырақтарда қаттырақ байқалады.
Калий жетіспеушілігі кезінде өсімдіктердің өсуі баяулайды, төменгі жапырақтардың ұшы сарғайып, артынан бозарып, жойылады. Тамырлануы торлы болатын өсімдіктердің жапырақтары әжімді болады, ал бойлық тамырлануда - жапырақтары толқынды болады. Жапырақтардың көгілдір-жасыл түске боялуы мен жапырылу байқалуы мүмкін. К жетіспеушілігі кезінде ең алдымен, ескі жапырақтар зақымданады.
Магний жетіспеушілігі кезінде - төменгі жапырақтар ағара бастайды, ақшыл-жасыл, жасыл-сары, сарғыш түске ие болады; хлороз жапырақтың шеті мен тамырлары арасында дамиды, ал тамырлары қанық жасыл түсті болады.
Магнийдің жетіспеуі тарыда қызғылт-сары, ал қара қарақат пен мақта қозада қызылкүрең - қызыл түстер байқалады.
Темір жетіспеген кезде жемісті ағаштардың жоғарғы жақтағы жапырақтары ақшыл-сары түске немесе бозғылт – жасыл түске ие болады, жасыл тамырлардың торы анық көрінеді, өсу әлсіз, төменгі жапырақтар қалыпты болады.
Марганец жетіспеушілігі кезінде жапырақтардың хлорозы байқалады. Тамырлар жасыл күйінде қалады. Марганецтің қозғалғыштығы төмен болуына байланысты, жетіспеушілік белгілері ең алдымен, жас жапырақтарда байқалады. Сұлы жапырақтарында сұр дақтар, ал қант қызылшасында – сары дақтар байқалады.
Бордың жетіспеушілігі өсудің жоғарғы нүктесінің хлорозын тудырады; кейінірек ол жер қараяды да, жойылады. Өсу нүктелерінің жойылуы өсімдікке бұтатектес пішін береді. Бор жетіспеген кезде өсімдіктер құрғақ шірікпен (тамыр жемістілер), сарғаюмен (жоңышқа), кеуектілікпен (мал жейтін шалқан, тарна), бактериозбен зақымданады, зығырда және басқа дақылдарда жеміс беру үдерісі бұзылады, күнбағыстың өсу нүктесі жойылады.
Мыс жетіспеушілігі өсудің баяулауын, хлорозды, тығыздықтың жоғалуын және өсімдіктің солып қалуын тудырады, гүлденудің кідірісіне және түсімнің жойылуына әкеледі. Дәнді дақылдарда бозғылт - жасыл түс пайда болады, түптенуі жоғарылайды. Cu жетіспеушілігі кезінде, жапырақтардың ұшы ағарады, масағы дамымайды (ақ оба немесе өңдеу дерті), жемістілерде мыс жетіспеген жағдайда төбесінің құрғауы дамиды.
Молибденнің бірқалыпты жетіспеушілігі кезіндегі сыртқы белгілер- бұршақ тұқымдастарда азот жетіспеушілігінің белгілеріне ұқсас келеді. Мо айтарлықтай жетіспеген жағдайда өсімдіктің өсуі бірден тоқтайды, тамырдағы түйнекшелері дамымайды, өсімдік бозғылт - жасыл түске ие болады, жапырақтарының тілімшелерінің пішіні өзгереді де, жапырақтары уақытынан бұрын жойылады. Дақылдардың көпшілігінің жапырақтарында сары дақтар пайда болады, ал қиярларда- жапырақ ұштарында хлороз дамиды.
Мырыштың жетіспеушілігіне жемісті, әсіресе, цитрусты ағаштар сезімтал келеді. Алмада, шабдалыда, өрікте, бежеде, шиеде жапырақтарының ұсақталуы мен дегеленуі байқалады, ал цитрустарда- жапырақтарында дақтар пайда болады. Жүгеріде Zn жетіспеген жағдайда жоғарғы жапырақтарының ағаруы немесе хлорозы байқалады, ал қызанақта- жапырақтарының ұсақталуы және жапырақты тілімшелер мен саптарының оралуы байқалады. Барлық өсімдіктер үшін Zn жетіспеуі өсудің тоқтауына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |