2.6.2. Далалық жағдайларда өсімдік үлгілерін іріктеу Өсімдік үлгілерін іріктеу кезінде дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Орташа үлгі - бүкіл өсімдіктің химиялық құрамын толық көрсету үшін әрқайсының ауданы 0,5-1 м2 болатын 6-10 аймақты бөліп алады. Құрғақ ауа-райында 3-5 см биіктіктегі өсімдіктерді орады. Үлгілерді біріктіреді. Түзу аймақта толық араластырылғаннан кейін, біріктірілген үлгіден салмағы 1-1,5 кг орташа үлгіні бөліп алады. Егер өсімдіктің химиялық құрамымен қатар құрғақ заттың өсу динамикасын, өсімдіктің ботаникалық құрамын, олардың биологиясын зерттесе бір ретті үлгі ретінде барлық өсімдіктердің 0,25-0,5 м2 бөліктегі массасын алады. Зертханада үлгіні өлшейді және өсімдіктің жеке ағзаларын өлшейді. Егістікті жинастыру кезінде егістіктің құрылысы, өнімділікті және өнімділікті емес өркендер ескеріледі.
Химиялық талдауға түсетін өсімдік үлгілері не табиғи жағдайда, не жақсы кептірілген жағдайда болу керек. Кептіру кезінде жапырақ бөліктері және дәнектер төгіліп қалмау үшін өсімдіктерді марлі қаптарға орналастырады немесе қағазға орап тастайды. Сабақтары ұзын өсімдіктерден біріктірілген жалпы үлгі алу үшін 5-10 егіс орнынан орташа өлшемдегі 10-20 өсімдіктерді іріктеп алып араластырады және талдауға орташа үлгіні алады. Жас өсімдіктер тұтас кептіріледі, ал ірілері 3-5 см-ге дейін ұсақталады және марлі қаптарына немесе қағаз қалташаларға салынады.
Тамыржемістерді іріктеу кезінде 10-20 өсімдіктерді қазып алып, топырақтан тазартады.Тамыржемістердің жалпы үлгісін егістіктің әр түрлі 5-7 орындарынан құрастырады. Сабақ және тамыржемістердің арақатынасынан өсімдіктің құрылысын анықтайды. Шикі немесе құрғақ жағдайда тамыржемістерді, ал сабақты кептіргеннен кейін талдайды. Қант мөлшері бойынша қызылшаны анықтайды. Аскорбин қышқылы, ақуыз, крахмал, құрғақ зат мөлшері бойынша картоп түйнектерін талдайды.
Үлгілерді талдауға дайындау. Зертханаға әкелінген үлгілерді тез және білікті түрде талдауға немесе сақтауға дайындау қажет. Орташа үлгінің үлкен массасын квартинглеу (4-ке бөлу) көмегімен кішірейтеді.
Дәнекшөп және басқа да өсімдік материалдары үлгілерін талдау алдында жақсылап ұнтақтайды, не кептірілгеннен кейін, не паралельді ылғалдылықты анықтау арқылы ауалы-құрғақ жағдайда талдайды.
Жаңа өсімдік үлгілерін кептіру алдында ферменттер әрекетін тоқтату үшін лиофилизация немесе құрғақ термиялық өңдеу, этанол, су буы арқылы реттейді. Жаңа өсімдіктерді қарапайым және қол жетімді фиксациялау әдістерінің бірі - 68-73oC температурада кептірігіш шкафта 20-30 минут ұстау. Фиксациядан кейін үлгілерді 3-5 сағат 60-63oC температурада кептіреді. Бұл әдістің кемшілігі термиялық фиксациялау кезінде ферменттердің бұзылуымен қатар маңызды органикалық қосылыстар да бұзылып басқа формаға өтіп кетеді. Сондықтан ақуыз және көмірсу, дәрумендер (аскорбин қышқылы, каротин) мөлшерін анықтау кезінде тек жаңа өсімдік материалын немесе үлгілердің химиялық құрамын өзгертпей ұзақ сақтауға мүмкіндік беретін лиофильді кептіру арқылы консервілеу қажет.
Тамыржемістер, түйнектер, ірі көкөністер және жемістердің орташа аналитикалық үлгісін іріктеу және кептіру кезінде химиялық құрамы юойынша ерекшеленетін жоғарғы, орта және төменгі бөліктеріне олардың үлесі пропорционалды болуы керек.
Әрі қарай фиксацияға және кептіруге ұшырайтын орташа үлгіні алу үшін әрбір түйнектен немесе жемістен, олардың өлшеміне тәуелсіз, тек бір ғана үлестен алады.
Топырақпен қатты ластанған тамырлар және түйнектерді тазартып, сумен жуады. Топырақпен ластанудың айқын белгілері болмаған жағдайда, егер топырақтағы және өсімдіктегі мөлшері жақын P, K, Ca, Mg және басқа элементтерді анықтаса, мұның қажеті жоқ. Fe, Cu және басқа микроэлементтер мөлшерін талдау кезінде нәтижелердің ауытқуы топырақ қоспаларының әсерінен ғана емес, сондай-ақ сәйкес емес тарада ұсақтау немесе сақтау кезінде де болады.