2.6.3. Өсімдіктердің құрамындағы құрғақ заттар мен ылғалдың мөлшерін анықтау
Вегетативтік өсімдіктерді биохимиялық және агрохимиялық зерттеу үшін балғын өсімдік материалдарын қолданады. Құрғақ масса мен ылғалдылықты анықтау, абсолютті құрғақ масса немесе ылғалдылыққа келтірілген химиялық талдау нәтижелеріне қажет.
Әдістің принципі. Өсімдік материалын 105оС температурада кептіргіш шкафта кептіру кезінде одан бос және әлсіз байланысқан ылғалдылық қана жойылып қоймай, сонымен қатар берік байланысқан ылғалдылықтың жойылуына негізделген. Аналитикалық таразыда өлшеу арқылы буланған ылғал мөлшерін немесе өсімдіктің массасының өзгерісін анықтайды.
Жұмыс барысы. 5-10г ауада кептірілген құрғақ кварц құмын және екі жағынан балқытылған шыны таяқшасын таза әрі кең бюксқа орналастырады. Шыны таяқша бюкс ішіндегі затты араластыруға ыңғайлы және ұзын бюкс қақпағын нығыздап жабатындай болу керек. Тұрақты массаға келгенше 105оС температурада термостатта бюксті ішіндегі затпен қақпағы ашық күйде кептіреді. Кептіру уақыты 30-40 минут. Сосын бюкстің қақпағын жабады, бюксті эксикаторда суытады және алдымен техникалық таразыда сосын дәлдігі 0,0001г аналитикалық таразыда өлшейді.
Бір уақытта өсімдіктің аналитикалық үлгісін дайындайды. Бюкстан шпательмен ұсақталған затты алып тастайды (көлемінің 2/3 бөлігі), құмды жақсылап шыны таяқшамен араластырады және аналитикалық таразыда бюксті қақпағы жабық күйде өлшейді. Бюксті қақпағы ашық күйде термостатқа орналастырып, 105оС температурада 6 сағаттан кем емес уақытта кептіреді. Кептіру үдерісінде бюкс ішіндегі затты шыны таяқшамен араластыру арқылы қабыршақтарды ұсақтайды. 6 сағаттық кептіруден кейін бюкстің қақпағын жабады, бюксті эксикаторға орналастырады және суытқаннан кейін аналитикалық таразыда өлшейді.
Алдын-ала өлшеуді техникалық таразыда жүргізеді. Бірінші өлшеуден кейін бюкс ішіндегі затты араластырады, 105оС температурада бюкс қақпағын қабырғаға қойып 1-2 сағат бойы қайтадан кептіреді және суытқаннан кейін өлшейді. Екі соңғы өлшеулерден кейін бюкс массаларының арасындағы айырмашылық 0,0002-0,0003 г-нан жоғары болса, тұрақты массаға келгенше кептіруді жалғастырады.
𝑥 = ∙ 100,
Мұндағы, а – құм салынған бюкспен таяқшаның массасы , г; в – ыдыс пен бастапқы өсімдіктің массасы, г; с – ыдыс пен өсімдіктің тұрақты массаға дейінгі кептірілген мөлшері, г.
Құрамындағы ылғалдылықты мына формула бойынша есептеуге болады:
у = 100 – 𝑥, мұнда 𝑥 –құрғақ зат, %
немесе мына формула бойынша
у = ∙ 100.
Мұндағы, а – құм салынған бюкспен таяқшаның массасы, г; в – ыдыс пен бастапқы өсімдіктің массасы, г; с – ыдыс пен өсімдіктің тұрақты массаға дейінгі кептірілген мөлшері, г.
Достарыңызбен бөлісу: |